Әділ Ботпанов қазақ әдебиетіне сексенінші жылдардың аяғы, тоқсаныншы жылдардың басында келген толқынның өкілі. Ауыз әдебиетінің уызына жарып өсіп, әлем әдебиетінің қайнарына тұмсық малып ішкен оның өлеңдері бірден-ақ әдеби қауымның назарына іліккен-ді. Өз буынының басы, Алматыдағы бейресми Жұматай қағанатының ең жас нояны болған Әділ 1990 жылы ҚазМУ-дың филология факультетіне түсіп, бірер жылдан соң оны аяқтамай-ақ, өзінің кіндік қаны тамған Қызылордасына оралды. Сондағы қалалық Ақмешіт апталығы, Қоғам ТВ телеарнасында еңбек етті. Сөйтіп жүргенде 28 жасқа толар шағында ұшты-күйлі жоғалып кетті. Бірқатар замандастары мен ағалары ол туралы естеліктер жазды. 2013 жылы Қазығұрт баспасынан Әділдің өлеңдері мен прозаларыӨмірзая деген атпен жеке кітап болып басылып шықты. Бүгін ақынның туған күніне орай бір топ өлеңдерін назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік. ***Ұнатам күзді,Жапырақтарды уақыттың алып ұшқаныТүскені жерге... сандалып, сабылысқаны.Қор болып қалды-ау сап-сары сағыныштары,Жұбатам күзді.Бақта да сәндіҚыдырам алыс ақылгөй ақымақтардан,Жұбатам сосын көңілді қақырап қалған.Бақыттырақпын мен аздап жапырақтардан,Мені ешкім таптамаған-ды.Дегенмен-дағы,Өмірдің соңы сап-сары бақ боларына,Тірліктің күйкі отына қақталарыма,Жапырақ сынды бір күні... тапталарымаСенем мен тағы.Бәрі де бекер,Мәңгілікті ойлап қайдағы кетілді жаным,Өлемін ақыр... оған да бекінді тәнім.Тек қана жапырақтардың соңғы әні секілді әнімӘріге кетер...Жаңбырлап қыз-күз,Көңілсіз күйдің түскенде торына ғалам(Болмашы бақыт тапқанда сорынан адам),Жапырақтарды бүріскен қолыма алам,Тағдырласпыз біз...СағынышОсылай, жаным, ұдай,Кетісіп сағынармыз.Адамның бәрі Құдай,Құдайдың бәрі жалғызТағдыр сол желөкпе тек,Нетеміз көнеміз де.Кетеміз бөлек-бөлекБейшара кемемізде.Кетеміз жағамызға,Алысқа үңіле кіл.Қайталап санамызда:Жалғыздың жүгі жеңіл,Жалғыздың жүгі жеңіл.Соңғы сөз, соңғы нүкте,Бірлікке тыйым салар.Жалғыз жан торға іліксе,Тірлік те қиын соғарОсыны ойламадық,Жаным-ау, қате еді бұл.Асқақтық бойлап алып,Біздерді кетеді кіл.Сезімге жарымаған,Жылайды әлі кеуде.Құдайдың бәрі де адам,Адамның бәрі пенде.Сәлеметсіз бе?Жаныңызды жүрдіңіз жара жеп күзде,Ал күздің желі, меніңше, сәл әдепсіз беЖапырақтарын шашты алдан.Бұрылдыңыз да,Дедіңіз: Сәлеметсіз бе? Сәлеметсіз беСонау күз бізге ерекше сый табыстырды,Сый табыстырды, бөлекше күй таныстырды.Қандай күш екен сол күні сәлемдестіргенБейтаныс бізді?Сол таныстырған біздерді жайлап өтті күз,Жапырақтарын алысқа айдап өтті күз.Жапырақ тектес пе едіңіз, бейтаныс ару,Қайда кеттіңіз?..Сол баққа келем жанымды жара жеп күзде,Ал күздің желі әлі де сәл әдепсіз беЖапырақтарын шашады алдыма әкеп,Дейтіндей: Сәлеметсіз бе? Сәлеметсіз бе Махаббат диалогыКешкі аспан қызыл кілем тоқып беріп,Отырмын жанарыңнан бақыт көріп.Өзіңе Мұқағали ізімененМахаббат диалогын оқып беріп. Мен асқақ аспан болсам, не етер едің? Жер болып телмірумен өтер едім. Тулаған теңіз болсам, не етер едің? Түбіңе батып мәңгі кетер едім. Ызғарлы дауыл болсам, не етер едің? Кеудемді ызғарыңа төсер едім. Өлсем ше иә, өлсем, не етер едің? Ақ бөз боп өзіңді орап кетер едім.Кешкілік. Тек екеуміз. Керенау бақ.Отырдық табиғаттан өлең аулап. Жолында махаббаттың өлер болсаң,Өле бер, дейсің күліп, менен аулақ. Дәмесін қара, дейсің күліп маған,Тыңдайды пәк күлкіңді ұйып далам.Деміңнен оттай ыстық балқып денем,Қалтырап енді бірде суып, тоңам.Сыңғырлай тағы күлдің іңірде осы, Шын ба, айтшы, жазғандарым шыным деші. Шын, деймін, айып екен мұның несі,Сүйемін кеткенше өтіп ғұмыр көші.Аппақ ай төгіп бізге шұғыласын,Қанатын жайды іңірге түн ұласып.Мойылдай жанарларың мөлт-мөлт етіп: Сендім, деп құшағыма тығыласың.