- Негізгі бет
- Поэзия
- Әдебиет әлемі: Қалқаман...
Әдебиет әлемі: Қалқаман Сарин. Қазақ – киік
Фото:
massaget.kz
Әрбір халық аң-құсты, табиғатты өзінің ұлттық болмысына, рухына сәйкес танып, түсінеді, соған орай оларға өзіндік бағасын береді, киеліге балайды, ұлтының болмысымен ұқсастығын табады. Біздің елімізде де солай. Киікті қазақ қастерлі жануар деп есептейді. Ол - даланың киесі, еркіндік нышаны. Күні кеше қазақ даласында киік қырылуда деген жаман хабар тарады. Ақмола, Қостанай және Ақтөбе облыстарындағы жаппай қырылған киіктердің саны жүз мыңға жуықтаған. Бұл оқиға кімді болса да ойландырмай қоймасы анық. Назарларыңызға осы бір қасіретті жағдайды жырына қосқан ақын Қалқаман Саринның "...Қазақ - киік" атты өлеңіне дайындаған видеомызды ұсынамыз. Видеоны мына жерден тамашалаңыздар.
Н. Нұрмаханұлы