Қалекес Жансая Саламатқызы 1996 жылы 18 мамырда Атырау облысы, Исатай ауданы, Зинеден селосында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, филология және әлем тілдері факультетінің түлегі. Қазіргі уақытта Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің маманы. ЖұбатуМенкөктемнің түніне түнеген жоқпын,Жүдеген жоқпын мұң кешіп.Менжаңбыр жауғанда үндеген жоқпын,Үнсіздігіммен тілдесіп.Менбұлттар көшкенде күрсінген жоқпын,Бір сүрген жоқпын ғұмырды.Менжалғыздықты да шын сүйген жоқпын,Ол жанарыма кеп тығылды.Менкөктем кетерде жылаған жоқпын,Ұнаған жоқпын аспанға.Мендауылға қарсы тұра алған жоқпын,Боран боп келдім ақпанға.Менжалғыз мұңымнан қорыққан жоқпын,Жалғыздығыма ашынып.Мен жердің ұлына жолыққан жоқпын,Аспан қойғандай жасырып?!Менжоғалту жайлы есіткен жоқпын,Тек сүю жайлы сұраңдар!Мен ештеңеге де кешіккен жоқпын,Кешіктірмейтін Құдай бар!***Жүрексіз болудан қорқатын адамның досымынҺәм өмірді сезіне алмаған адамға бауырмын.Мен сосын топырақ үшін де ауырдым,Жапырақ үшін де ауырдым...Ғайыптан оянған сезімім жоғалды,Жоғалды күзінде дәуірдің.Өткенге оралғым келмейдікүнәмді еске алсам ұялам Тәңірден,күнәмді еске алсам ұялам жылаған сәбиден.Жердегі жұпыны тірлікті кешем де,О, сосын аспаннан жасырам бәрінМен!Аспаннан жасырам анамның көз жасынОл да үнсіз жылайды сезем мен,Құрсақта оқылған өлеңдей аяулы шағыма қадалып,Өмір тұр өзіме өкпелі өте алмай кезеңнен,Өлім тұр ажалдың қаруын кезенген,Қорықтым.Мен әлі жазғам жоқ жанымның күбірін,Тәңірім, дем берші!Ояумын.Тірімін.Айтайын күзге де кешіккен Ол жайлы,Естиін жапырақ сыбырын.Жайыққа күлкімді сыйлайын жасырған,Шайқасын күнәсін өткеннің, бүгіннің.Мен сосын мұңымды батырып толқынға,Суретін салайын біз кешкен ғұмырдың.ҚоштасардаСәл аялдай тұрайыншыкүз келіп өпсе дегем,Сүйсе дегем жапырақ маңдайымнан.Алматыға бір ақын көшсе дегем,Өзінің үркіп қалған арманынан.Алматыда бір өлең қалса дегем,Адамдар кейде оқыса жылып қалар.Алатау маған мұңын шақса дегем,Аспанға айтса құстар біліп қалар..Күз-құрбы күрсінткен көп елес енді,Содан ба сенделемін, алдым тұман?!Бұл қаланың күзінен емес мені,Іздерсіңдер көктемнің жаңбырынан.Мен көктемнің айықпас дертіненмін,Көктем менің кеше алған қай мұңымды?Алматы, мен оны да кешірермін,Сен менің кірлетпе тек айдынымды.Тілсіз сүйген ғаламға зәру жүрек,Сен жайлы жазады әлі масайған жыр.Сенімен қоштасарда жаным жүдеп,Жатсынған жағалаудан аса алмай жүр.Құрбының жанарына күнде алданам,Көбіне көкке ұмтылып қалатынмын.Алматы, сен қырансың күнді арбаған,Астына сақта мені қанатыңның. Тағы да сүюге рұқсат па, Жүрек?Іңгәлаған сәбидей іштегі әуенім.Өзім аспан жақтағы Құспен әуремін.Көктем көшіп келгенде қуанбағанмын,Баяғыда-ақ сезгендей бұлай боларын.Тәп-тәуір ойлар алыстан қол бұлғап еді,Күбір-күбір,күбірім ғана үміт-гүлдерін солдырмап еді,Аспандұғалы ернімді тоңдырмап еді.Бірақкей түндер жарым көңілімді жетектеп алып,Сүю жайлы білмейтін бекетке барып,Жүрексіз жандай оқитын мүсәпір өлең...Сосын мені бауырына басып апшошынған Ай,жалғыздыққа шынымен ғашық жандайөкпелетіп алатын әлемімді,Мен сүйіп те көрмеппін содан бері...Тағы да сүюге рұқсат па, Жүрек?! ***сен ұсынбаған гүлдердіңисі кезіп жанымды,оқылмаған хаттарға маңдайымды сүйедім.Болмыс кетті бұлтты асып...Дала қалды түсінбей,Бояуға мас жолдардан өзімді іздеп отырмын,...бәрі менің кеше көрген түсімдей.Бәрі менің кеше көрген түсімдей,ұмытылған.Мен де сені ұмытқан боп оралдым.Аспан жаққа кетіп қалғым келеді,құсқа ғашық болармын..