"Ұлы даланың ұлы күні – НАУРЫЗ" шарасы қалай өтті?

Кеше сағат 11.00-ден бастап кешке дейін М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры ғимараты алдында "Ұлы даланың ұлы күні – НАУРЫЗмейрамы атты шара өтті.

Жаңа форматтағы бұл мереке Наурызды балалардың көз қуанышына айналдырып, оқушылардың үшінші тоқсандық демалысын наурыз мерекесіне үйлестіру, Наурыздың атрибуттық белгісі, эмблемасы һәм символикасын бекіту, осы мейрам аясында тал егу, көрісу, т.б құндылықтарды дәріптеу, мерекені заманауи ұлттық киімдермен қарсы алу, т.б. мақсаттарды көздейді. 

Театр басшысы Сәбит Әбдіхалықов осы игі іс арқылы Наурыз мейрамына жаңа реңк беру үшін, адамның ұлтына, діни бағыныштылығына қарамастан, адамгершілік құндылықтарға мән бере отырып, Қазақстан халқы түгел қамтылатындай мазмұнын қалыптастыруға ұжымның өз үлесін қосып жатқанын айтты.

М.Әуезов театры алаңындағы ауқымды шара ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты мәдени ошақтардың Көрісуімен басталып, қазақ өнері жұлдыздарының қатысуымен өтетін мерекелі күн қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесіне, ұлттық ойындар мен мерекелік-концерттік бағдарламаға ұласты.

Наурыз – ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы, айрықша тәлім-тәрбиелік, үлгі-өнегелік, сән-салтанаттық мейрам. Оның Қазақстанды мекендейтін барлық ұлт өкілдерінің мейрамы деңгейіне жеткенін шараға қатысқан түрлі ұлт өнер ошақтарының ыстық ықыласынан байқауға болады.

Кәріс ұлты

Орыс ұлты

Неміс ұлты

Ұйғыр ұлты

Түрік ұлты

"Ұлы даланың ұлы күні - Наурыз" мейрамында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің вице-министрі - Ақтоты Райымқұлова, абыз ақсақалдарымыз Қазақстаның еңбек ері, Қазақстан және Кеңестер Одағының халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, Әуезов театрының көркемдік жетекшісі, "Қазақстан театрлар ассоциациясының" президенті – Асанәлі Әшімов пен Қазақстаның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері – Сәбит Оразбаев болды. Ақсақалдар "Өнер барысына" аттанғалы тұрған Еркебұлан Дайыров, Аян Өтепберген мен Асылхан Төлеповке және сол жерде жиылған қауымға ақ батасын  берді.

Ұлыстың Ұлы Күніне арналған қойылым одан әрі әдемі концерт пен мерекелік дастархан, түрлі ұлттық ойындар мен ағаш отырғызу шараларына ұласты.



Бөлісу: