УЕФА Чемпиондар лигасы: Алматыдағы тарих

УЕФА Чемпиондар лигасы: Алматыдағы тарих

Алматыда екі күнге жалғасқан футзалдан алғашқы УЕФА Чемпиондар лигасы турнирі мәресіне жетті. "Алматы Аренада" Еуропаның үздік командалары кім мықтыны анықтады.

Португалияның "Спортингі" мен Алматының "Қайраты" финалға жолдама алған. Тартысты кездесудің қалай болғанын суретпен бейнелеп көрейік.

УЕФА Чемпиондар лигасының алғашқы финалы керемет шоудан басталды.

Алаңға беттеп келе жатқан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы - Лео. Жанкүйерлер "Қайратта" ойнап жүргенде сүйікті ойыншысына айналған Леоны қошеметпен қарсы алды. 

Командалар финалға сақадай-сай.

"Қайрат" финалға ең мықты құрамын қосты. Тек сұрмерген Серік Жаманқұлов жоқ демесеңіз, өзге көшбасшылар қатарда.

"Қайратты" қолдауға жас баладан кәріге дейін келді. 

"Алматы Аренаны" толтырған көрермендер әлемнің үш дүркін үздік қақпашысы Игитаның әр қимыла қол шапалақтап, қолдау көрсетіп отырды.

Әттеген-ай, "Қайраттың" тас қамал қорғаушысы Дугласқа ескі жарақаты маза бермеді. Турнир алдында алған жарақаты қорғаушымызды алғашқы минуттан қатардан шығарды. Дегенмен ер-мінез Дуглас алаңға қайта оралып, матчты соңына дейін ойнап шықты.

Кака матч бойы орнына бір отырмады. Командасына бар-білгенін көрсетіп, гол соғу қажет екенін қайта-қайта ойыншылардың есіне салып отырды.

"Спортингтің" 18-нөмірлі ойыншысы Варела командасын есепте алға шығаруға бірнеше мүмкіндігі болды.  

Екінші таймның басында "Спортингтің" ойыншысы Кавинато өз мүмкіндігін пайдаланып, есепті ашты. Араға ұзақ уақыт салмай Алекс Мерлим командасының екінші голын соқты. 

Игита бұрынғыдай шабуылға көп араласпады. Тек есеп 2:0-ге жеткенде ғана алаң ортасына дейін шығып, бірнеше рет қақпаны дәлдеп көрді.

Қазақстан құрамасының ойыншысы Лео бұрынғы әріптестеріне қарсы тамаша ойнады.

Кака жас ойыншылар - Дәурен Тұрсағұлов пен Біржан Оразовты алаңға көп шығарып, оларға сенім артатынын көрсетті. 

"Қайраттың" шабуылда жолы болмады. Гол соғатын үш-төрт тамаша мүмкіндігі болғанымен, "Спортингтің" қақпашысы мықтылығын дәлелдеді.

Тайнан матч соңына таман есеп айырмасын қысқарған сәті.

Матч аяқталды. Есеп 2:1, қонақтардың пайдасына. Финалдық ысқырықтан кейін "Спортингтің" капитаны көз жасына ерік берді. 

Португалияның чемпиондары тарихында тұңғыш рет еурододада топ жарды.

Игитаның "Кубок Алматыдан кетпесе екен" деген арманы орындалмады. Өкіншті-ақ...

"Алматы Аренаны" мұң басты... Өзектерін өкініш өртеген жанкүйерлер кубокқа қимастықпен қарап қалды. 

УЕФА-дан келген делегат УЕФА Чемпиондар лигасының алғашқы жүлдегерлерін марапаттады.

Күміс жүлдегерлер жанкүйерлерге алғысын білдіруде.

Алекс Мерлим көптен күткен медальді құмарланып сүйіп жатыр.

Жеңімпаздар!!!


"Спортинг" жеңістерін тойлап жатқанда "Қайраттың" ойыншылары жанкүйерлермен тілдесіп, жеңісті күндердің әлі алда екенін айтып жұбатты.

Матч соңында Кака жас ойыншылар Дәурен мен Біржанға мойымау қажет екенін, болашақта талай жүлде салатындарын айтты. Міне, нағыз бапкер!

УЕФА Чемпиондар лигасы. Финал

"Спортинг" — "Қайрат" 2:1 (0:0)

Голдар: Кавинато (0:1) 21:17, Алекс Мерлим (0:2) 26:49, Дуглас (1:2) 37:39

Алматы, "Алматы Арена", 11 973 көрермен.