Тұрғын үй кешендері көз ілеспес жылдамдықпен салынып жатыр: Алматыдағы ең жаңа ауданның бірінен репортаж

Алматы қарқынды өсіп, дамып келеді. Тұрғын үй кешендері де бірінен соң бірі бой көтеріп, кептеліс күшейіп, халық саны артып жатыр. Қаланың келбеті де өзгерді. 

Наурызбай ауданы - Алматының ең жаңа аудандарының бірі. Ол 2014 жылы Алматы облысындағы Қарасай ауданының бір бөлігі қалаға қосылғаннан кейін құрылды. Наурызбай ауданында әлі де жеке үйлер көп. Бірақ жағдай көз ілеспес жылдамдықпен өзгеріп жатыр. Мұнда көпқабатты тұрғын үй кешендері күн санап көбейіп келеді. Шұғыла шағынауданы - соның айқын мысалы, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қаланың басты күре жолы Абай даңғылы 2021 жылы Наурызбай ауданына дейін ұзартылды. Бұл ауданға ең жақын метро бекеті Момышұлы көшесінде орналасқан, ол 2022 жылы іске қосылды. Жуырда мұнда "Қалқаман" бекеті ашылады. Билік бұл бағытта метро құрылысын жалғастырып, желіні осы ауданның басты даңғылы Алатау көшесінің бойымен жүргізуді жоспарлап отыр.

Қазір бұл - Абай даңғылы мен Ташкент жолын жалғайтын кең төрт жолақты жол. Ортасына раушан гүлдері егілген.

©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Тротуарлар веложолдармен біріктірілген жаяу жүргіншілер аймағынан тұрады.

©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Абай даңғылы жағынан Шұғыла шағынауданына кіргенде, ең әуелі әкімшілік ғимараттар көзге түседі. Мұнда Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығы да, Халыққа қызмет көрсету орталығы да бар.

©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Дәл осы жерде мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сот пен Наурызбай ауданының әкімдігі орналасқан.

©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Ал артқы фонда жаңа тұрғын үй кешендерінің құрылысы жүріп жатыр.

©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Бұл ауданда Алматыда жүргеніңізді ұмытып кетесіз. Алатау даңғылының төменгі жағына қарасаңыз, қаптаған үй. Астанадағы тұрғын үй құрылыстарын еске түсіреді.

©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Бірақ басыңызды бұрсаңыз, тұрғындарға үйреншікті тау көрінеді. 

©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Мұнда күндіз де адам өте көп. Балалар арбасын итерген аналар мен әжелер көптеп кездеседі.

©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Мұнда Алматының басқа аудандарына қарағанда балалар әлдеқайда көп сияқты сезіледі. Содан болар, мектептер, балабақшалар, ойын алаңдары да көп.

"Тұрмысымыз жақсы. Осыдан 5-6 жыл бұрын судан ақау шығып, жарық өшіп тұратын. Қазір жақсарды. Жақын жерде "Апорт" пен "Алтын орда" (сауда орталығы мен базар - еск.) бар, автобуспен 10 минутта жетесіз. Метро да өте жақын, автобуспен 15 минуттық жер. Сондықтан бәрі жақсы", - деді баласымен серуендеп жүрген жергілікті тұрғын.

©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Кейбір тұрғындар тұрақ орындары тапшы екеніне шағымданады. Күндіз, жұрттың бәрі жұмысқа кеткен кездің өзінде мұнда көлік өте көп қойылған. Кешке олардың саны бұдан да арта түсетіні белгілі.

©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Көліктің көптігі, тұрақ орындарының тапшылығы Наурызбай ауданында өте өзекті мәселе болып тұр.

©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Дегенмен тұрғын үй кешендері арасындағы көшелер абаттандырылған. Мұнда төсеме тастар да, газондар да, ағаштар мен әткеншектер де бар.

©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Дегенмен Ташкент жолына жақын орналасқан тұрғын үй кешендеріне абаттандыру жұмыстары әлі жете қоймаған. Ол жерде тротуарлар бар, бірақ ағаштар мен көгалдарды табу қиын.

Шұғыла шағынауданы бір жағынан жеке үйлермен шектеседі.

©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Ал екінші жағында құрылыс алаңы қоршалып қойған, оның қоршауында "Жақында жаңа тұрғын үй кешені бой көтереді" деген жазу тұр.

©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Алатау даңғылы бойында мұндай құрылыс қоршауы көп.

©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Наурызбай ауданының халқы төрт жылда 76 мыңға өсті

Бұл ауданда әлі де жеке үйлер басым, былтыр жыл соңына қарай мұнда 23 535 үй болған. Дегенмен 2021 жылдан қазірге дейін көппәтерлі үйлер саны да күрт өскенін байқамау мүмкін емес: 381-ден 612-ге дейін көбейген. Яғни төрт жыл ішінде мұнда 231 көпқабатты үй бой көтеріп, өсім 60 пайыздан асқан. Пәтерлер саны 14 304-тен 38 161-ге дейін артқан. Төрт жылдағы өсім - 23 857 пәтер немесе шамамен 167 пайыз.

©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Сондай-ақ, 2021 жылы Наурызбай ауданының халқы 163 мың адам болса, 2025 жылдың соңына қарай 239 мың адамға дейін өскен. Төрт жыл ішінде халық саны 76 194 тұрғынға, яғни 47 пайызға артты.

Қазір Қонаевта (Алматы облысының әкімшілік орталығы - еск.) 65 934 адам тұрады. Осылайша, төрт жыл ішінде Наурызбай ауданыдағы халық саны тұтас бір шағын қала көшіп келгендей өзгерген. Ал аудан халқының жалпы саны қазір Талдықорған немесе Түркістанмен деңгейлес.



Бөлісу: