Тәуелсіздік – Мәңгілік ел мұраты!

Тәуелсіздік – Мәңгілік ел мұраты!

Тәуелсіздік. Осы бір сөз қаншама қалың қазақ жұртына ыстық десеңші! Осы бір ауыз сөзді қазақ халқы қаншама жылдар зарығып күтті. Жетті де. Биыл Тәңір сыйының қазақ жұртына бұйырғанына ширек ғасырдай уақыт өтті. Аталған мереке биыл елімізде жиырма бесінші рет тойлануда. Бейбіт күннің аспанында қарыштап келе жатқан қазақ елінің бағындырған белесі де біршама. Ал бүгін өзге тақырыпты шетке ысырып Алматыдағы тәуелсіздік қарсаңына назар аударайық. 

Тәуелсіздік монументіне қойылған гүл шоқтары мереке басталмай жатып көрінуде. 

Биылғы тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай жаңа алаңда ерекше әрленген екен.

Креативті безендірілген алаң, суретке түсушілердің нағыз ортасына айналды. 

Көк тудың желбірегені, жаныма қуат береді!

Қазақ халқының рухын асқақтатып, жігерін көтерушілердің бірі тудың көрінісі десек қателеспейміз. Аспанның түсі мен күн астында қалықтаған қыран әрбір жанға нағыз патриоттық сезім сыйлайды. 

Жәй ғана осы бір кішкентай дүние мерекелік күннің көрігін қыздырады. 

Алаңдағы қызықтарды телефонның камерасына түсіріп тұрған ару. 

Желтоқсан көшесінің көрінісі. Көшенің ортасына қатар-қатар тізілген жалаулар жүрекке жылулық сыйлайды.

Кейбір ғимараттарға мерекелік құттықтаулар ілінген. 

Тұран университетінің тәуелсіздікке арналған тақтайшасы. Алыстан көзге бірінші түсетін банер барлық адамның назарында. 

Тәуелсіздік монументі.

Көшеде әнұранның қайырмасын айтқызып, әрбір орындаушыға жалау сыйлаған жандарды да көзіміз шалып қалды. 

Тұғырымызға қонған тәуелсіздіктің бақыты мәңгі болғай.