Грек-рим күресінен әлем чемпионы Айдос Сұлтанғали елге оралды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
23 қыркүйекке қараған түні Хорватия астанасы Загреб қаласында өткен күрес түрлерінен әлем чемпионатында грек-рим күресінен ересектер арасындағы әлем чемпионы Айдос Сұлтанғали мен ұлттық құрама спортшылары, бапкерлері Астанаға келді.
Спортшыларды жанкүйерлері, әскери оркестр қарсы алды.
Айта кетейік, 60 келіде бақ сынаған Айдос Сұлтанғали финалдық бәсекеде Өзбекстан балуанын таза жеңген еді. Ол бұған дейін 2018 және 2022 жылдары қола жүлдені еншілеген болатын.