Таңдай қақтырады! Фотограф табиғаттың тылсым көріністерін бөлісті

Әлеуметтік желіде табиғаттың тылсым көріністері бейнеленген суреттер пайда болды. Суреттердің авторы - кәсіби фотограф Фархат Қабдықайыров. Massaget.kz тілшісі шолу жасап шықты.
Құстардың сан алуан түрі суретке түсіп қалған.
Автор бұл суреттер қайда түсірілгенін де айтты. Оның сөзінше, құстарды Алматы облысы аумағында түсірген.
"Алматы облысы бойынша 300 шақырымға жуық жол жүрдік", - деді ол.
Оның сөзінше, құстардың шамамен 84 түрін тамашалап, кейбіреуін суретке түсірген.
Олардың арасында жұлдызқұртқа ұқсас жәндіктер де байқалады.
Желі қолданушылары құстардың сан алуан түріне, олардың әсемдігіне таңданысын жасыра алмаған.
Құстардың бірі су үстінде, енді бірі көкте қалықтап жүр.
"Табиғатқа осылай тамсану, естелік ретінде суретке түсіріп алу кез келген адамның қолынан келмейді. Өте әдемі кадрлар", "Барлық суретке тіл бітіп тұрғандай, өте әдемі", "Таңғажайып!", "Неткен сан алуан!", "Әлем неткен ғажап", - деп жазды әлеуметтік желі қолданушылары.
Кадрлар арасында Алматы облысы Іле ауданында орналасқан Сорбұлақ су арнасында түсірілген теңіз тасбақасы да көрінеді.
Мәліметтерге сүйенсек, фотограф бала кезінен түрлі көбелек жинауды ұнатқан екен. Уақыт өте олардың әдемілігін сақтап қалу үшін суретке түсірумен айналыса бастаған, сол кезден бастап бұл сала оның өмірлік ісіне айналған.
Оның кезекті бұл туындысы да сол әдемілікті сақтау, көрсету мақсатында болса керек.