Ішінде екі адам бар автобус үйінді астында жатқанына 13 тәуліктен асты: Майқайыңда не болып жатыр?
Майқайың кен байыту шахтасында орға құлап, үйінді астында қалған адамдарды шығарып алу жұмыстары жүріп жатқалы 13 тәуліктен асты. Соңғы 10 күн бойы 66 метр тереңдікке қиялап жол салу жұмыстары жүргізілді. Оған арнайы техникалар жұмылдырылды. Massaget.kz тілшісі оқиға орнында болып атқарылып жатқан жұмыстарды көзбен көрді. Майқайың кенті орналасқан жер тау тасты аймақ. Сондықтан, жер астында нығыздалған кеспек тастарды шағып шығару оңай болып жатқан жоқ.
Фото: Massaget.kz / Е. БазарқұлФото: Massaget.kz / Е. Базарқұл
"Біз 188 метр еңістетіп жол аршыдық. 200 мың тоннадан аса тау жыныстары шығарылды. Қатты жартастар жұмысқа кедергі келтірді. Соған қарамастан біз күні түні тынбай жұмыс істеп жатырмыз. Автобустың жатқан жеріне дейін жол ашып берсек, қалғаны құтқарушылардың жұмысы", - дейді қазба жұмыстарының учаске бастығы Талғат Әбіков.
Фото: Massaget.kz / Е. Базарқұл
Фото: Massaget.kz / Е. Базарқұл
Опырылып түскен шұңқырдың тереңдігі 66 метр. Ал, сол тереңдік пен автобус жатқан аралық шамамен 5-6 метр. Яғни эксковатор шұңқыр түбіне түскеннен кейін тағы сонша құм мен тас қазуы қажет. Үйінді астындағы автобуста екі адам бар. Оның бірі құтқарушылар жасағы командирінің орынбасары, екіншісі автобус жүргізушісі.
Фото: Massaget.kz / Е. Базарқұл
Фото: Massaget.kz / Е. Базарқұл
Фото: Massaget.kz / Е. Базарқұл
Фото: Massaget.kz / Е. Базарқұл
"Майқайыңалтын" АҚ-ның инвесторы Сербия азаматы Милан Попович. Компания Кипрде тіркелген. Мұны кәсіпорынның бас директоры да растады.
"Солтүстік шығыс флангісіндегі қазба жұмыстары 2013 жылдан бастап жүргізіліп келді. Сол кезде жобалаушылар сараптама жасап, "өндіріске еш қаупі жоқ, құламайды" деп қорытынды шығарған. Құжаты бәрі бар. Бұл аумақтың опырылып түскеніне өзіміз де таңқалып отырмыз. Ондай болуы мүмкін емес еді. Күнде жүріп жүрген жолымыз ғой. Шахта үсті көлік жүре-жүре тапталып жол болып қалған", - дейді “Майқайыңалтын” АҚ бас директоры Қуаныш Ботин.
Қуаныш Ботин. Фото: Massaget.kz / Е. Базарқұл
Фото: Massaget.kz / Е. Базарқұл
Фото: Massaget.kz / Е. Базарқұл
Кәсіпорын басшысының айтуынша, сол күні ешқандай жарылыс болмаған. Жер опырылып түсіп ішіне автобус құлағанда шаң тозаң үстіне қарай бұрқ еткен. Осы сәт бейне бақылауға да түскен. Соны көргенде жарылыс болды, деп ойлаған. Қазір құзырлы органдар тергеу жүргізіп жатыр. Оқиғаның себеп салдарын солар анықтайды. Кен байыту фабрикасы қазір уақытша жұмысын тоқтатқан. Онда еңбек ететін мыңнан аса жұмысшының жартысы ақылы демалысқа жіберілді қалғандарына 50 пайыз жалақы төленеді. Апат болған аумақта жер астында екі жылға жететін миллион тонна кен жатыр.
Фото: Massaget.kz / Е. Базарқұл
Фото: Massaget.kz / Е. Базарқұл