Саяси маусым басталды: Мәжіліс пен Сенаттың бірлескен отырысы небәрі 5 минутқа созылды

Мәжіліс пен Сенаттың Астанадағы бірлескен отырысы небәрі 5 минутқа созылды. Толығырақ Massaget.kz тілшісі материалында.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламенттің сегізінші шақырылымының IV сессиясын ашық деп жариялады. Депутаттар мен Үкімет мүшелерінен сұрақтар болмады, бір депутат қана қарсы болды.

Жаңа сессия басталар алдында Әнұран орындалып, кейін бірлескен отырыс жабық деп жарияланды. Жиын небәрі бес минутқа созылды.

Мәжіліс пен Сенаттың жалпы отырыстары кейінірек басталады. Дәстүр бойынша олар әр сәрсенбі мен бейсенбіде өтеді.

Суреттер: Tengrinews.kz



Бөлісу: