Өскеменде жарылыс болды: оқиға орнынан кадрлар
Өскемендегі "Қазцинк" зауыты аумағында шаң жинау қондырғысында жарылыс болып, соңы өртке ұласты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға орнына құтқарушылар, кинологиялық топтар және ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері жұмылдырылды.

Алдын ала мәлімет бойынша 4 адам медициналық мекемеге жеткізілген. Өрттің жалпы ауданы анықталып жатыр. ТЖМ жанынан жедел штаб құрылды.

Ведомство мәліметінше, зардап шеккендерді іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Кадрлар: ТЖМ
Айта кетейік, "Қазцинк" - Қазақстанның түсті металлургия саласындағы көшбасшыларының бірі. Компания мыс, бағалы металл және қорғасын сияқты ілеспе металл түрлерін, мырыш өндіреді. Компанияның негізгі кәсіпорындары Шығыс Қазақстан, Ақмола және Ұлытау облыстарында орналасқан.