Өрттен 12 адам қаза тапқан ауылда не болып жатыр?

Өрттен 12 адам қаза тапқан ауылда не болып жатыр?

Түркістан облысында 12 адам қаза тапқан оқиға орнынан сурет, видео пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

18 қарашада Түркістан облысы Жетісай ауданы Алғабас ауылында орналасқан екі қабатты жеке тұрғын үй өртеніп, 12 адам қаза тапты, тоғызы - бала.

Шұғыл қызметтер оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.

Үйдің айналасы қоршалған. Мұнда полиция қызметкерлері мен ТЖД көліктері көп. 

Өрт шыққан үй қатты зардап шеккен.

Аулада және үйдің айналасында жедел тергеу тобының жұмысы жалғасып жатыр. 

Суреттер: Tengrinews.kz

Алғабас ауылының маңында орналасқан көрші ауданда адамдар жиналып, туыстары марқұмдарды жерлеуге дайындалып жатыр.