Әлемнің ең биік ғимараттарына өрмелеп Гиннестің рекордтар кітабына енген француз Ален Робер Алматыдағы Esentai Tower ғимаратының да биігін бағындырды. Біз де Аленнің өнерін көру үшін ғимарат маңына бардық. Біз барғанда ғимарат маңына жиналған халықтың көп екенін аңғардық. Уақыт өте жиналғандар саны арта түсті. Тілшілер қауымының да қарасы көп болды. Ал фотографтар сәтті кадр алу үшін жанталасып бақты. Ален Робер тамыз айында 53 жасқа толады екен. Лақап аты -Өрмекші адам. Ол соңғы дайындығын пысықтап, Esentai Tower биігін бағындыруға аттанды. Француздың Алматыдағы бұл іс-шарасын Huawei компаниясы ұйымдастырған. Ален жылдам биікке өрлей бастады.Ол осыған дейін Ален Робер әлемнің 70-тен астам ең биік ғимаратына шыққан. Олардың арасында Нью-Йорктегі Эмпайр Стэйт Билдинг, Сиднейдегі Опера театры, IBM бас ғимараты және Куала-Лумпурдегі Егіз Мұнара, және т.б. ғимараттар бар. Француз жай көтеріліп қана қоймай, жиі селфи жасап та тұрды. Жиналған жұртшылық та Аленнің әрбір қимылын қалт жібермей, ұялы телефондарына түсіріп жатты. Спортшы тоқтаған сайын жиналғандар қол соғып, оған қолдау білдірумен болды. Esentai Tower ғимараты 38 қабаттан тұрады. Биіктігі - 168 метр. Арасында тынығып, су ішіп алды. Жиналған жұрт суретке түсіріп қана қоймай, жоғары өрлеген сайын таңырқаумен болды. Ал мына бала ерекше таңырқады. Esentai TowerАлен Робер бағындырған Орта Азиядағы алғашқы ғимарат. Ален Робер ғимаратқа қауіпсіздік белдіктерін тағынып шықты. Себебі, бүгін Алматы қаласындағы ауа райы құбылмалы болып, желдің күші жоғары болды.Осыған дейін ол әлемнің ең биік ғимараттарын қауіпсіздік белдіктерінсіз-ақ бағындырып келген еді. Ален Робердің жердегі көмекшілері Оның ғимаратқа өрлеген сәті квадрокоптер көмегімен де түсірілді. Дүрбі алып келіп тамашалағандарды да көзіміз шалды. Ален Робер 30 қабатқа көтерілгеннен кейін, екінші бөлігін еңсеруге аттанды. Ғимараттың екінші бөлігін тек алыстан ғана көруге болады. Жиналған жұртшылық тарқай бастады. Ал біз де қайта бастағанда, ол қалған 8 қабатты бағындыру үшін биікке өрлеп бара жатқан болатын...