АстанадаXVII Халықаралық Шабыт шығармашыл жастар фестивалінің Үздік әдеби шығарма (Поэзия) аталымы бойынша конкурс өз мәресіне жетті. Жүзден астам ақын қатысқан жыр додасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды. Massaget.kz сайты Астана қаласынан арнайы фоторепортаждар ұсынып, оқырмандардыбір апта бойы байқау барысынан хабардар етіп отырды. Арқа төсінде дүркірей өткенжыр бәйгесін қорытындылай кетсек. Фестивальге қатысатын үміткерлердің шығармалары 2014 жылдың 10 қазанына дейін Әдебиет порталы Интернет-жобасында қабылданып, онлайн түрде ашық жарияланды. Аталған халықаралық фестивальге алғашында Қытай, Моңғолия, Қырғызстан және Қазақстаннан 150 үміткердің шығармалары келіп түскен екен. Ұйымдастырушылар барлық үміткерлерді қайта сүзгіден өткізіп, қатысушылардың санын100-ге қысқартты. 4 қараша күні Орталықтандырылған кітапхана жүйесіндеХVІІ Халықаралық Шабыт - 2014 шығармашыл жастар фестивалінің Үздік әдеби шығарма (Поэзия) аталымы бойынша конкурс басталды.Алғашқы күнііріктеуден өтіп, байқауға шақырылған барлық ақындар өлеңін оқыды. Қазылар алқасы 100 үміткердің ішінен 50 ақынды екінші кезеңге өткізді. Сол күні фестивальаясындаШабыт танытқан таланттаратты көрме ұйымдастырылды. КөрмегеХалықаралық Шабыт шығармашыл жастар фестиваліне қатысып, көпшілік оқырманға танылған бір топ ақын-жазушылардың кітаптары қойылды. Екінші кезеңде іріктеуден өткен 50 ақын өлеңдерін оқып, байқау жүлделерін сарапқа салды. Бұл жолғы жыр додасындаҰлықбек Есдәулет, Бауыржан Қарағызұлы, Танагөз Толқынқызы, Ақберен Елгезек, Әнуар Омарсынды белгілі тұлғалар қазылық етті. Бұл күні байқау бағдарламасына сай халықаралық Шабыт шығармашыл жастар фестивалінің Гран-при иегерлері және лауреаттарымен кездесу кеші өтті. КездесугеАсылзат Арыстанбек, Құралай Омар, Ербол Бейілхан, Мирас Асансынды әр жылдарыХалықаралық Шабыт шығармашыл жастар фестивалінде жүлдегер атағанған ақындар қатысты. Сонымен, XVII Халықаралық Шабыт шығармашыл жастар фестивалінің Үздік әдеби шығарма (Поэзия) аталымы бойынша Гран-при жүлдесін Түркістаннан келген талантты жас ақынБатырхан Сәрсенханиеленді. Жүлделі І орынды ақынОлжас Қасым,жүлделі ІІ орын тараздық талантты ақынХамит Есаман,жүлделі ІІІ орынды қарағандылық ақынЖадыра Байбұлановаеншіледі. Сондай-ақ, бірнеше ақынға халықаралық конкурстың арнаулы сыйлықтары табысталды. Атап айтқанда: Астана қаласы әкімдігінің ҚР Халық жазушысы Фариза Оңғарсынова атындағы арнайы сыйлығының иегері Әлия Іңкәрбек. Қазконтент АҚӘдебиет порталы Интернет-жобасының Әмірхан Балқыбек атындағы арнайы сыйлығының иегері Бекзат Смадияр. Әмірхан Балқыбектің жолдасы Мархабат Шойбекова арнайы Алматыдан келіп ақын атындағы сыйлықтың иегеріне өзі жасатқан төсбелгіні табыстады. Қазконтент АҚӘдебиет порталы Интернет-жобасының Әбділда Аймақ атындағы арнайы сыйлығының иегері Шерхан Талап. Жұлдыз журналының Ғафу Қайырбеков атындағы арнайы сыйлығының иегері Саян Есжан Астана қаласы әкімдігінің Нағима Өтепова атындағы арнайы сыйлығының иегері Калича Жақыпова. Ақ Жайық журналының Жұмекен Нәжімиденоватындағы арнайы сыйлығының иегері Ләззат Мақаш. Фолиант баспасыныңКәкімбек Салықов атындағы арнайы сыйлығының иегері Динара Мәлік. Ұлт порталыныңТөлеужан Исмайылов атындағы арнайы сыйлығының иегері Нұржан Қадырәлі. ТӘЖ әдеби-интеллектуалды клубының Ермұрат Зейіпханатындағы арнайы сыйлығының иегері Айбол Исламғалиев. Әріби-Әрібек Өр Алтайсынды бір топ талантты жастар Шабыт фестивалінің дипломанты атынды. Жеңімпаздар анықталған күніАлматы жырлайды атты алматылық ақындардың қатысуымен поэзия кеші өтті. Кешке өздерін Әмірхан әскерінің қолында бапталған Қайсардың қағанатымыз деп атап жүрген алматылық бір топ жас ақындар қатысты. Бұл кеште жасақындар өз жырларымен қатар өздері үлгі тұтар аға буын өкілдерінің де өлеңдерін оқып берді. Сазгерлік қырымен көзге түсіп жүргенТәуірбек Бозекенов, Абылайхан Жұмаш, Сәкен Есенгелдиев сынды жігіттер ән шырқап, кеш көрігін қыздыра түсті. Шабыт фестиваліне Қырғызстанан келген ақындар туған еліне жақсы әсермен аттанды. Шабыт фестивалі - өлеңнің бәсекесі емес, достық пен татулықтың мерекесі. Еліміздің әр аймағынан келген жастар бір ортаға жиналып, танысып-табысып, аз ғана күннің ішінде достасып үлгерді. Жас ақындарШабыттан шабытпен оралып, өлең өлкесінде өзінше өрнек салу жолында аянбай еңбектенері анық. КелесіШабытта кездескенше! Сурет: Мassaget.kz