Олимпиада чемпионы Шайдоров елге оралды
Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Астанаға оралды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
21 жастағы қазақстандық спортшы Италияда өткен қысқы Олимпиада ойындарында тарихи алтын медаль жеңіп алып, елге жеңіспен қайтты. Елорда әуежайында оны салтанатты түрде қарсы алу рәсімі ұйымдастырылды.

Сахнада сөз алған чемпион қолдау көрсеткені үшін халыққа алғыс айтты.
"Үйге жеттім. Кеш уақытқа қарамастан, қарсы алуға келген баршаңызға көп рақмет! Олимпиадада еліміздің көк Туы ең биік тұғырда желбіреген сәтте мені ерекше мақтаныш кернеді. Қаншама жылы лебіз айтылды. Осындай құрмет пен сый үшін алғысым шексіз. Шынымды айтсам, мұндайда сөз табу қиын. Баршаңызға рақмет!" - деді ол.

Айта кетейік, Михаил Шайдоров 1994 жылдан бері қысқы Олимпиадада алтын алған алғашқы қазақстандық атанды.

Чемпионды қарсы алу рәсімі 25 ақпанға қараған түні Астана әуежайында өтті. Терминалға жиналған жүздеген адам спортшыға құрмет көрсетті.
Суреттер: Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова