Алматы бұрыннан жоғарғы және төменгі бөлікке бөлінеді. Бұған себеп - таулардың орналасуы. "Қаланың төменгі бөлігі" қазір қандай күйде? Massaget.kz тілшісі материалында.
Алматы - мың бояулы қала. Қаланың жоғарғы бөлігі "қымбат", ал төменгі жағы "қарапайым әрі арзан" деген дәстүрлі түсінік бар. Сонымен қатар, қала тұрғындары бұл шекараны әрқалай белгілейді: бірі "қаланың төменгі жағы" Райымбек даңғылынан кейін басталады десе, енді бірі Мақатаев немесе тіпті Гоголь көшесінен бастап есептейді.
Көпшілік "төменгі жақтың" басты кемшілігі ретінде ауа сапасын атайды. Мысалы Түрксіб ауданындағы ауа сапасы Бостандық ауданына қарағанда ластау; сондай-ақ, логистикалық және өнеркәсіптік аймақтар көп екені де айтылады.
Жоғарғы жақпен салыстырғанда төменгі бөлікте "қалалық орта нашар дамыған" деген стереотип бар. Алайда мұнда заманауи абаттандыру мен ерекше атмосфераны, жайлы орындар мен өз ауданын шын жүректен жақсы көретін жандарды кезіктіруге болады.
Тілеуберді Сауранбаев көшесіндегі Аймауытов пен Шолохов көшелерінің қиылысына дейінгі аралық жаяу жүргіншілерге арналған. Бірден көзге түсетіні - балалар және спорт алаңқайлары. Мұнда бала өте көп.
Жол жиегінде жасыл желекке оранған кеңестік екі қабатты тұрғын үйлер орналасқан. Бұл үйлердің тұрғындары терезе алдына гүл егіп, шағын бақша жасауға тырысады.
Біраз төмен түссеңіз, жаңа бес қабатты үйлерді көруге болады.
Ал көшенің екінші жағында алты қабатты құрылыстар бой көтеріп жатыр.
Бұл көше әдемі әрі алуан түрлі муралдарға бай болып шықты. Мұның бәрі қаланың осы ауданындағы "Арбатқа" балама ретінде көрінеді.
Бұл жерден субұрқақ та табылады.
Бұл аудандағы кез келген шағын жол немесе кең аллея биік, жайқалған ағаштар және алуан түрлі гүлзарлармен қоршалған. Жаздың аптап ыстығынан тасаланатын жер табылады.
Шолохов көшесінде бірден екі мектеп орналасқан: №59 гимназия және №83 гимназия. Бұл көшенің жаяу жүргіншілер аймағы екі жағынан да абаттандырылған: мұнда төсеме тастар да, орындықтар да бар.
Мұнда кеңес дәуірінен сақталған автобус аялдамаларын көруге болады. Мұндайды қала орталығынан кездестіре алмайсыз.
Мұқият қарасаңыз, олар жоғарыдан төмен қарай қыш ыдыс сынықтарымен безендірілген. Мұны кезінде жұмыс істеген Алматы қыш зауытының жарамсыз өнімдерін пайдаға асыру тәсілі десе де болады.
Сейфуллин даңғылы мен Шолохов көшесінің қиылысы тіпті түскі уақытта да көлікке лық толы. Қиылыста да адам көп.
Әрі қарай Сәкен Сейфуллин атындағы саябақ. Оның ішінен ойға батқан Владимир Ильич Лениннің ескерткішін көруге болады.
Мұнда жүгіріп жүрген бала көп, аула сыпырушылар жұмыс істеп, әйелдер гүл егіп жатыр.
Сквердің өзі өте жақсы күтім көрген, жайлы әрі жап-жасыл.
Сәл жоғарыда жергілікті Оқушылар үйі орналасқан. Оның маңына балалар велосипедтері қойылған. Картаға сүйенсек, мұнда спорттық және дәстүрлі ушу федерациясы да бар.
Мекеме маңында тағы бір жасыл әрі әдемі сквер бар. Серуендеп жүрген жергілікті тұрғын жасы 71-де екенін айтып, осы ауданда өмір бойы тұрып келе жатқанын жеткізді.
"Бізде бәрі бар. Базар да, мектеп те, балабақша да, саябақ та, емхана мен аурухана да бар. Қалаға барып не керек?" - деді ол.
Әрі қарай Сәкен Сейфуллин есімімен аталатын саябақ орналасқан. Ол Шолохов көшесінің бойында тұр. Саябақтың орталығы әрі басты көрікті жері - көз тартарлық жарқыраған субұрқақ.
Айнала өте таза әрі жасыл желекке оранған. Мұнда велосипед жолдары, скейт парк, тіпті ит серуендетуге арналған алаңқай да бар.
Көшенің келесі бетінен тағы да ескі екі қабатты үйлерді көруге болады.
Бұл ауданда әлі күнге дейін ескі балалар алаңқайларын кездестіруге болады. Алматының орталығынан мұндайларды қазір таппайтыныңыз анық.
"Алматы-1" вокзалы маңындағы тарихи аудандарды аралау өте жағымды әсер мен ерекше көңіл күй сыйлайды.