Мас-рестлинг спорты жайлы не білеміз?
Мас-рестлинг – елімізде қарқынды түрде дамып келе жатқан спорт түрі екенін осыған дейін жазған едік. Бүгін сол мақаламызды толықтыру мақсатында ел чемпионатынан арнайы фоторепортаж ұсынғалы отырмыз.
Саха халқының ұлттық спорты Қазақстанда дами бастағанына 5 жылдай уақыттың жүзі болыпты. Одан бергі аралықта қазақстандық спортшылар талай ірі жарыстарда жеңіске жеткен. Әлем чемпионатының жүлдегерлері де бар. Ал Қазақстан чемпионаты биылға дейін екі рет ұйымдастырылыпты. Биылғы чемпионат Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде өтті.
Бұл спорт түрінің ережелері туралы мына сілтемеге өтіп таныса аласыздар.
Ел чемпионатына еліміздің бірнеше өңірінен келген спортшылар бақ сынады.
Жарысты тамашалау үшін Саха елінен арнайы қонақ та келіпті.
Әнұран орындалған сәт
Жарыс жеңімпаздарына арнайы медальдар мен дипломдар дайындалған.
Қазақстан мас-рестлинг қауымдастығының президенті Талап Иматалиев пен ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Павел Фитисов.
Ел чемпионаты қыздар арасындағы тартыспен басталды.
Қыздар төрт салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздарды анықтады.
75 келіге дейінгі салмақта Алтын Ақылбек әлем чемпионатының жүлдегері Эльмира Эзиамиге есе жібергенмен, соңғы сәтке дейін тартыса білді. Алтынның табандылығы мен жеңіске деген жігері жаттықтырушылар көңілінен шықты.
Қыздар арасындағы бәсекелердің жеңімпазын Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраймов арнайы келіп марапаттады.
Жігіттер арасындағы бәсекелер де тартысқа толы болды.
Ерлер 6 салмақ дәрежесі бойынша ел чемпиондарын анықтады.
Жасөспірімдер де жарыс жолына шығып, өзара жеңімпаздарды анықтады.
Спортта жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді. Бірде жеңесің, бірде жеңілесің.
Қарсыласты қапы қалдырудың да өзіндік айла-тәсілдері бар.
Ел чемионатының қорытындысы бойынша ұлттық құрама жасақталатын болады.
Ел чемпионатында үздік шығып, ұлттық құрама сапына іліккен спортшылар сәуір айының соңында Алматыда өтетін Әлем кубогында ел намысын қорғайды.