Тарихы тереңде жатқан Македония мемлекетін білмейтін жан жаһанда жоқ шығар. Александр Македонский қауқары қайтпай тұрған уақытта жарты әлемді билегені бәрімізге белгілі. Осы уақытқа дейін көптеген мемлекеттің отарына айналып, құлдық дәуірді басынан кешірген макендониялықтар 1991 жылы өз тәуелсіздігін алып, бостандықта өмір сүріп келеді. Еуропаның оңтүстігі, Балқан түбегінде орналасқан елдің қазіргі тұрмыс-тіршілігін арнайы Turkish airlines ұйымдастырған іссапар арқылы көруге мүмкіндік туды. Көп адамға таныс мемлекеттің жер аумағы 25,7 мың км құраса, ондағы тұрғындар саны 2 милионнан асады. Сонымен сан ғасырлық мол мұрасы бар елдің сәулеті қаншалықты сақталғанына көз жүгіртіңіздер. Македония мемлекетінің Астанасы Скопье. Халықтың негізгі бөлігі шоғырланған бұл қалада 700 мың адам өмір сүреді. Тарихи көрнекіліктерге бай мекен ежелден келе жатқан ғимараттары мен қамалдарын әлі күнге дейін өзгеріссіз сақтап қалған. Аталған ғимараттар арнайы мемлекет қамқорлығында. 1295 жылы салынған әулие Климент шіркеуі Македониялықтардың бүгінгі мақтаныштарының бірі. Тұнық Охрид өзенінің бойында орналасқан тарихи ғимарат бастапқы бейнесін, көркін жоғалтпаған. Әулие Софияның патша үйі ХІ ғасырда бой көтерген. Мұндай ғимараттарға Базилика деген атау берген. Бұл тек Македонияда емес, еуропаның өзге де қалаларынан кездестіруге болады. Шіркеуге ұқсас тарихи орын византиялықтардың үстемдігі жүріп тұрған кезде салынған. Таулы аймақта орналасқан мемлекет тұтастай дерлік көк кілеммен көмкерілген. Арнайы қолдан өсірілген гүлдер мен жабайы өсімдіктердің сан алуан түрі алыстан мұнартып, көз тартады. Күннің аса ыстығында демалуды ұнататын осы елдің азаматтары қонақ үйлер мен арнайы демалыс орындарына барып бой сергітуді жандары сүйеді екен. Суретте македониялық бір отбасының үш ханшайымыбастарынагүлден әдемі тәж жасау үстінде. Туристік мекен болғандықтан әр жерде керемет сәулеттік безендірулер жасалған. Мына бір кішкене көпірде тұрып, Албаниямен бөліп тұрған таудың көрінісінтамашалауғаболады. Мұнда көптеген үйлер екі қабаттан тұрады. Үйлердің көбі ерекше безендіріліп, түрлі құтыларға гүлдер отырғызылып, көшелердің сәніне сән қосады. Қай жерде болмасын белгілі бір мекенін, иесін күзететін иттерді мұнда да жолықтырдық. Кішкентайынан айтқан талапты орындауға үйретіліп жатқан күшікке қызығатындар да жетерлік. Адам көп жұмыс жасағанда, шаршағанда, тауға шығады болмаса тыныш жерлерді іздей бастайды. Керемет көрініске ие мына жерге келіп, күн батуын тамашалап, жан рахатын табатын туристер де жетерлік. 1447 жылы салынған Иоанна Канео шіркеуі нағыз туристердің көптеп келетін мекеніне айналған. Өзен жағасында орналасқан зәулім ғимарат тек қана тарихи мұра ретінде емес, керемет әсер сыйлайтын орындардың бірі. Охрид өзненін бойлап бара жатқан туристерге қол бұлғап, өзінің қайығымен қыдыруға ұсыныс жасап тұрған македониялық капитан. Бұл кісі су көлігін жүргізуден бөлек, сол маңайда орналасқан керемет мекендерді де бес саусағындай біледі. Таулы аймақта орналасқандықтан шырша, арша сынды ағаштаржиікөзге шалынады. Аспанмен жарыса өскен ағаштардың арасына кірсеңіз, кинодан көрген сюжеттеріңіз еске түседі. Тұп-тұнық Охрид өзенінің бойындағы қайықтар. Өзен жағасы таяз болғандықтан үлкен кемелер мұнда келе алмайды. Мұндағы әрбір мейманхана өзінідік бір ерекше дүниелерге ие. Бірі керемет жағажайымен, бірі қоршаған табиғатымен, енді бірі ағаштан жасалған демалатын орнымен таңғалдырады. Мұнда ағаш көп болғандықтан, көптеген дүниелерді табиғи түрде жасауға тырысады. Әңгімелесуге арналған орындықтарының өзі де креативті жасалған. Қоғамдық көліктеріне көзіңіз түссе, бірден Лондон көшелері елестейді. Себебі, барлық автобус осындай екі қабатты. Мұнда қазіргі уақыттағы жаңа көліктерден бастап ескі көліктерге дейін кездестіруге болады. Тағы бір байқағанымыз, жанармай бағасының қымбат болуына байланысты халықтың көп мінетіні кішкентай көліктер. Тарихи мекен болғандықтан археологтар жиі-жиі ат басын бұрады екен. Назарларыңызда енді ғана іске кіріскен кісілер. Әр жердің салты басқа, иттері қара, қасқа дегендей, мұндағы кесірткелердің де түсі біздің өңірдің жәндіктерінен өзгеше. Македония ауылдарының көрінісі осындай. Қолынан келгенше үйлерін безендіріп, ешқайда шықпай-ақ демалуға болатын жағдай жасаған. Сара шипажайы. Мұнда ХVІІІ ғасырда пайда болған минералды бұлақ бассейні бар. Шалғайдан келген туристер бірден ауаның жағымсыз иісінен тіксінеді. Алайда суға түсіп, бөтелкелеріне құйып ішіп емделіп жүрген жандар жетерлік. Охрид өзенінің бойында орналасқан тағы бір керемет тарихи мұражай. Мұнда алғашында балықшылар мен аңшылар өмір сүргенге ұқсайды. Ішінде түлкі және өзге жануарлардың ішіктері бар. Арнайы от жағылып жылынатын пештер мен үлкен құмыралар әлі күнге дейін сақталынған. Ескі фотоаппаратты да көзіміз шалып қалды. Үстінде бәтеңкесі бар радио құрылғысы да осы жердің бір кереметі секілді. Бұрынғы заманның тапаншасы мен арнайы қорғасын қайнататын ыдысы көз алдыңызға үнділердің фильмін елестетеді. Бұл Македонияның тарихи өңірлері мен қазіргі өмір сүріп жатқан жағдайы. Жалғасы бар...