Әз наурыз ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы.Қазақ халқыбұл мерекенімерекені айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыруды салт-дәстүрге айналдырған. Иә бұл кезең нағыз жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілетін шағы десек те болады, себебі, табиғат ананың да қайта жанданып жаңа өмірге қадам басар шағы. Дастарханы да мол болады, наурыз көже құрамына 7 түрлі дәм қосылады.Жеті түрлі дәм қосылуына Түркі халықтарының ұғымында жеті санының қасиетті саналуы себеп. Оған қоса, ол тоқшылық пен ырыс құттың белгісі. Дәстүр бойынша бұрын Наурыз мейрамын бүкіл ауыл-ел болып, әсіресе жастар жағы түгелдей таң шапағатын қарсы алудан тазаланған арықтарға су жіберуден, ағаш отырғызып, гүл егу рәсімін өткізуден бастайтын. Бүгінгі таңда қалай аталып өтілетінін бірге тамашалайық. Мереке басы қазақтың қара шаңырағы Темірбек Қараұлы Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясында басталды. Ең алдымен керуенін бастап келген Қызыр Бабамыз бата беріп ізгі ниетін жолдады. Сын сағаттарда елін жаудан азат етіп, жерін, ар-намысын қорғау барысындаазаттық соғыстың алдыңғы шебіндеқазақ батырларықашанда ерлік көрсеткен. Батыр елдің қорғаны демекші қонақтар да батырларымызды ерекше ыстық ықыласпен қарсы алды. Көне заманнан келе жатқан ән күй туралы халықтың аузында қалыптасқан көптеген мақал мәтелдер, аңыздар қалыптасқан. Халықтың: Сөз күміс ән алтын, Ел көркі қыз, той көркі ән, немесе Ән өмір ұзартады деген асыл сөздері осы өнерге арналған секілді. Қойжылы он екі жылдық жыл санау жүйесіндегі жетінші жыл атауы. Дәстүрлі түсінік бойынша, он екі жылдың әрқайсысының белгілі жануарға тән өзіндік ерекшеліктері бар деп саналған. Яғни, Қой жылы. қойдың мінезі тәрізді қоңыр, яғни, жуас, мал мен жанға жайлы, құт- берекесі мол жыл деп есептелінді. Билеу үшін де шынайы талант керек. Сахнаға бір-бірінен өтетін сұлу да сұңғақ бойлы бишілеріміз шыға келгенде, кәдімгі хор қызындай тамсандырған деген өлең жолдары тура осы қыздарға арнап айтылғанына шүбә келтірмедік. Алтыбақан. Бұл жас-тардың кешкілік бас қосып, ән айтып, домбыра тартып, қыздар, жігіттер болып айтысып, бір-бірімен әзілдесіп көңіл көтеретін ойын-сауығы.Міне біздің жастар да алтыбақан теуіп, көңілді жүр. Өнер ордасының өнерлі өрендері бірі би билесе, енді бірі ән айтып қонақтарға қуаныш сыйлауда. үлкен сахнаға аяқ басқан өнер адамдарының барлығы дерлік осы қара шаңырағымыздан түлеп ұшқан. Одан әрі ұлттық ойындарымызбен ұласқан мерекеміз, арқан тартумен жалғасын тапты. Әр факультет арасынан жиылған мықтылар өзара сайысқа түскен болатын. Өздерінің күштіліктерін дәлелдеп бас жүлдені Театр өнері факультеті қанжығаға байлады. Арқан тартыста топ болып жеңіске жетсеңіз , қол күресте сізге ешкім көмектеспейді нағыз жігіттің жігіті дараланатын сайыс ол қол күрес. Біздің жігіттер өздері қатысқан ірі жарыстардан құрқолқайтқан емес.Нағыз білекті жігіттерге арналған бұл спорт түрі де тартысты өтіп жатыр. Мектепқабырғасынан әлдеқашан алыстап кетсек де, бойымызда мектепке деген сағыныш ,оты әлі де сөнер емес, себебі қолға алғаш қалам ұстап, алғаш әріп таныған кезіміз де осы мектеп қабырғасынан бастау алды. Ұлттық мерекеміз мектепте қалай өтіп жатқанын білгіміз келіп, жалпы білім беретін No158-орта мектебіне де ат басын бұрдық. Бұл мектепте де мереке өз дәрежесінде өтіп жатыр екен, қонақ болып келген бізді ерекше қарсы алды. Оқушылар арасында да концерттік бағдарлама жүріп жатыр екен. Ескендір есімді бұл бала болашақта Өнер академиясына барғысы келетінін айтты. Қонақжайлылық қазақтардыңқанына ана сүтімен даритын қазақ ұлтына ғана тән асылқасиет. Сондықтан да қонақты сыйлау, құрметтеу, қонаққа деген ілтипат көрсету бала кезден қалыптасады. Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін дәстүрлі наурыз көжесіз елестету мүмкін емес. Бұл күні әрбір үйде қазан оттан түспей, уыз қатырылып, сорпа сапырылады, наурыз көже дайындалады.