Еліміздің өңірлерін бір-біріне таныстырып, халықты порталымыз арқылы жақындату мақсатында, тілшілеріміз барған жерден арнайы фоторепортаж даярлап тұрамыз деген едік. Алдыңғы фоторепортаждардан Қостанай қаласымен танысқан болсаңыздар, бүгінгі кезекте Ақтау қаласының әсем жерлерінен, патриоттық нақышта безендірілген биік ғимараттарынан, көз тартар көк теңізінен қыс мезгілінде жасалған фоторепортажбен таныс етеміз. Маңғыстау облысының ақындары шығарған өлең үзінділерімен де сусындай отырыңыздар. Болашаққа батыл басып келеді,Ақтау-ару арманына асыққан.Анар Шамшадинова Ақтауға барам, жай емес, сеніп барам,Шындық қой, шындық Ақтаудан бақыт табарым.Айгүл Талысова Бұл Маңғыстау сұлу қыз ғой келісті,Бұл Маңғыстау мәуелі бақ жемісті.Еділ Бекмұратов Күніміз Тәуелсіздік арайлы күн,Әлемге Маңғыстау боп тарайды үнім.Аллаберген Қонарбаев Маңғыстау мынау кеудесі тұнған ұлылық,Күніне туған жұлдыз боп жарық мың үміт.Фархад Мұсаев Шығарған жаудың талағын,Ер Шотан, Досан, бармысың?!Жандос Демесін Маңғыстау мынау жырменен таңы атқан жер,Қашаған, Түмен, Сәттіғұлдарым жатқан жер.Фархад Мұсаев Саумал күннің сипатынан күн ұққан,Төле, Қазбек, Әйтекедей биік бар. Үш арысқа, Абылайды, хан болған,Бұқар жырау Абылайды ұйытқан.Алмас Алтай Қазақ түгіл, аты мәлім әлемге,Әбіш ағам тектілердің жалғасы.Еділ Бекмұратов Ұлы Жеңіс, шаттыққа бөлеп келдің,Тайғақ кешу, тар жолдан қоректендің.Аллаберген Қонарбаев Маңғыстау мынау бақытсыз келіп бақ тапқан,Тұқымы асыл Көкмойнақ сынды ат шапқан.Фархад Мұсаев Кең Маңғыстау, ару Ақтау тұғырым,Тұғырымда мәнді, мәңгі ғұмырым.Шынар Түйешиева Шашылған жыр-ән көктен,Бірлікті ұран еткенКаспий достық теңізі!Анар Шамшадинова Ақтауға барам, алқынып жетем, асығам,Арқалып алып сезімді бір сәт тасыған.Айгүл Талысова Маңғыстаулық мұнаралар көзімін,Мен болашақ ғұламалар сөзімін.Аллаберген Қонарбаев Аққуы бар өлеңнің,Көп ішінен дара көрдім.Алдаберген Қонарбаев Шағала ән салды қасымда,Бағымды әйгілеп сорыммен.Анар Шамшадинова Қып-қызыл нұрдан қып-қызыл жауһар тағынып,Жатырсың, Каспий...Айгүл Талысова Аққу едім!Каспийді тербеген ән гәкку едім.Әнуарбек Бимағамбет О, Каспий, саған ғана ақтарылам,Сен менің жанымды ұғар мұңдасымсың!..Шынар Түйешиева Толқындары топырақта тоқтаған,Мен, әйтеуір, көк теңізге көп барам.Айгүл Талысова Каспиімнен жүрем күнде жинап ән,Әні қандай кемеріне сыймаған.Айгүл Талысова Қарт Каспий сенің Отаның болып кеткен бе?Теңізші жолдас, жағалау жаққа қарап өт.Сандуғаш Шортанова Жағасында Каспий деген кәрінің,Ұлт пен ұлыс бір-бірімен табысқан.Анар Шамшадинова Ал мен болсам Ақтауымды тұратынМың бикешке бере алмаспын көрікті.Мұхамбетберді Сүйітов Іргең бүтін, желбіреп тек көк туың,Маңғыстауым, жарық болғай жұлдызың.Еділ Бекмұратов