Қазақтың алғашқы циркіне саяхат
Биылғы 2022 жылғы «Оскар» сыйлығын тағайындау салтанатында «Үздік фильм» атануға үміткерлердің арасында «Қорқынышты түндер аллеясы» (Аллея кошмаров» – реж.: Гильермо дель Торо) картинасы да болды. Бұл фильм цирк тарихына арналған ерекше туынды.
Әлем көрермені цирк тарихына қызығушылық танытып жатқанда, біздің оқырманды да қазақ циркі қызықтырады деген оймен Алматыдағы циркке экскурсияға шықтық.
Абай даңғылы мен Байзақов көшесінің қиылысында, әкемтеатрға қарама-қарсы орналасқан айрықша әсем ғимарат Қазақ Мемлекеттік циркінің орналасқан орны. Бұл ғимарат қазақ даласындағы тұңғыш циркке арнап арнайы композициямен салынған.
1970 жылы ҚазКСР-нің Халық әртісі Гүлжихан Ғалиеваның жетекшілігімен тұңғыш қазақ циркі ұйымдастырылады да, цирк ғимаратының құрылысы басталады. 1972 жылы қазақ циркінің жаңа ғимаратының құрылысы аяқталып, салтанатты түрде ашылады.
Міне, цирктің табалдырығын аттап, ішіне де ендік. Бұл жолы цирктің көрермен кіретін негізгі қақпасынан емес, қызметтік есіктен кірдік. Бұрыш-бұрышта дайындық жасап жатқан әртістер, қарбаласқан тіршілік. Біздің мақсатымыз да цирктің көпшілікке белгісіз тыныс-тіршілігін тану, таныстыру еді.
Жәй басып көрермен қабылдайтын манежге қарай аяңдадық. 50 жылдан бері қазақ көрерменін ұлттық өрнектегі бағдарламаларымен тәнті етіп келе жатқан қастерлі сахна.
50 жылдың ішінде бұл ұжым цирк өнерінің бірнеше бағытында үзілмей келе жатқан әулеттер қалыптастырды, КСРО уақытында Кубада, Чехияда, Болгарияда, Югославияда өнер көрсетіп түрлі марапаттарға қол жеткізді.
Цирктің ішінде қоры мол музей орналасқан. Онда көп жылдан бері циркте қызмет етіп майталман атанған ардагер әртістердің қолданған реквизиттері, киімдері, фотошежіре бар.
Қазақ Мемлекеттік циркі 90 жылдарда гастрольдік сапармен әлденеше рет Қытай, Польша, Франция, Бельгия, Жапония, Германия, АҚШ, Австралия елдерінде болып қайтқан. Досбатыровтар Верона (Италия), Бельгия, Монте-Карло мен Қытайдағы халықаралық цирк өнері фестивальдерінің жеңімпазы атанса, Т.Трестин мен Бәкенова Польшадағы Еуропа байқауында алтын жүлдеге ие болған.
А.Кириченко жетекшілігіндегі “Әуеде ұшу” (1993) нөмерінің артистері, К.Күнғожинов тобы, В.Гашута орындауындағы “Рен дөңгелектері” нөмірі, Р.Симоненко тобы Қытайда өткен байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанады. Қ.Шалабаев бастаған қазақ шабандоз жігіттері АҚШ цирктерінде, Серік Әбішев бастаған танымал топ Аустралия циркінде табысты өнер көрсетті.
Өз басым әуе гимнастикасымен (воздушный ремни) бала кезден айналысып келемін. Мақтанышпен айтатыным, Демидовтар әулетінің жалғастырушысымын. Әйтсе де, қазіргі күні бұл әулеттің жалғастырушысы жалғыз мен емес. Сіңлілерім Анастасия Демидова мен Таисия Демидова да эквилибр мамандары. Ал, інім Анатолий Демидов жанглерлық бойынша көптеген жетістіктерге жетті.
Бұл әулеттің негізін қалаушы Ольга Демидова менің туысым болып келеді.
Мен өз карьерамды 5 жастан бастадым. Сол кезден бастап цирк сахнасында өнер көрсетіп келемін. Алғашқы гастрольдік сапарым 2008 жылы Жапонияға барудан басталды. Біз апайым Ольга Демидова екеуміз сол конкурста еліміздің абыройын қорғадық.
Әйгілі Ольга апайым әрі қарай да мені баули түсті. Соның арқасында эквилибрді меңгердім де, 2010 жылы апайыммен бірге эквилибр бойынша өнер көрсеттім. Содан бері эквилибрист ретінде еңбектеніп келемін.
Апайыммен бірге көрсеткен осы нөміріміз беделді фестивальдерде жүлделі орындарға ие болды. 2012 жылы Якутиядағы «Мамонтенок» цирк фестивалінде қола медаль, 2013 жылы Елордада өткен «Эхо Азии» фестивалінде алтын медаль, 2017 жылы Цветной гүлзарындағы Мәскеу Никулин циркінде өткен фестивальде еуропалық сарапшылардың арнайы жүлдесін иемдендім. Сол 2017 жылы Халықаралық «Шабыт» фестиваліне қатысып бас жүлдені жеңіп алдым.
Сіңлілерімнің де жеткен жетістіктері көп. Анастасия Демидова 2019 жылы жоғарыда айтқан «Мамонтенок» фестивалінде алтын жүлдегері атанды. 2020 жылы Монте-Карлодағы фестивальде күміс жүлдегері атанды. Келесі 2021 жылы үздік өнер көрсетіп өте беделді «Цирк Ханшайымы» фестивалінде күміс тәж киді.
Біздің Алматы циркі шығармашылық жағынан өте жоғары деңгейдегі өнер ордасы. Басшылық пен ұжымның ерекше қолдауы өнерпаздарға жаңа туындылар дүниеге әкелуге керемет мүмкіндік тудырып келеді.
Біздің екі әртісіміз Марина Старадупова және Даяна Жетпісова әуе гимнасттары.
Досбатыровтар династиясы көп жылдан бері қазақ циркін дамыту жолында еңбектеніп келеді. Ол кісі өзі жас күнінен спортпен айналысып, 25 жасында циркке келген. Кейіннен балаларына үйретіп, бүгінгі күнге дейін Досбатыровтар әулеті қазақ циркінің даңқын асырып келеді. Бұлар әуе гимнасттары.
Марина 4 жасынан бастап, ал Даяна 5 жасынан бастап циркте өнер көрсетіп келеді.
Біз дәстүрлі түрде өтетін «Эхо Азии» фестивалінде өнер көрсетіп, бас жүлдені жеңіп алған болатынбыз (қай жылы?). Бұл фестивальге жетекшіміздің ұлы Дәулет Досбатыровпен бірге «Икар аңызы» атты нөмір дайындап бардық. Екеуміздің дуэтімізді қазылар алқасы үздік деп таныды.
Одан кейін «Димовочка» атты нөмір дайындап Қытайдағы цирк фестиваліне бардым. Қытайдағы фестивальде 2 орын бұйырды.
Қазір кезекті «Эхо Азии» фестиваліне дайындалып жатырмыз. Бұл фестивальге былтыр баруымыз керек болған. Алайда, карантинге байланысты былтыр фестиваль өтпей қалды. Биыл енді қыздар бар күш-жігерін жинап дайындалып жатыр.
Мен Даянаның анасымын. Әрі осы екі жас өнерпаздың ассистентімін. Марина мен Даяна «Балапан жұлдыз» деген конкурсқа қатысып, бас жүлдені жеңіп алды. Жаңа айтқанымдай Марина 4 жасында, Даяна 5 жасында өз қалауларымен осы Алматы циркіне келіп, гимнастикмен айналысуды бастады.
Даянаны алғаш рет циркке көрермен ретінде алып келген кезімде кіп-кішкентай Маринаның әуеде гимнастика бойынша өнер көрсетіп жатқанын көріп тәнті болдық. Содан үйге келгесін қызым Даяна жылап, мен де циркте өнер көрсеткім келеді, әуе гимнастикамен мен де айналысқым келеді деп қиғылық салды. Сосын қызымды жетектеп осында келдім.
Өзім де бала күнімнен гореографиямен айналысамын. Қазір де хореография бойынша шәкірттер дайындап, ұстаздық қызмет атқарамын.
Қыздар әлі мектепте оқитын болғандықтан, сабақтарына үлгере ме, оқуда қиындықтар болмай ма деген сияқты сұрақтар туындап жатады. Қыздар түске дейін сабағында, сабақтан кейін циркке келіп дайындық жұмыстарын жасайды. Сабақ үлгерімдері де жақсы. Өзім қызым Даянаның оқуын қадағалап отырамын.
Мен де 4 жасымда циркке көрермен ретінде келіп, ұстаздарымыз Досбатыровтардың әуеде қалықтап жүріп қиын трюктер жасағанын көріп қаңғалдым. Менің де осылай өнер көрсеткім келді. Расында, Даяна екеуміздің әуе гимнасты ретінде циркке келуіміз ұқсас.