Қайрат Сатыбалдының ұлына тиесілі болған "Байсат" базары тағы да сатылымға шығарылмақ
Алматыдағы "Байсат" базары тағы сатылымға шығарылмақ. Бұған дейін ол Қайрат Сатыбалдыұлының ұлы Бауыржан Нұрсұлтанның иелігінде болған еді. 2024 жылы Қайрат Сатыбалдыұлы базардың басым бөлігін мемлекетке ерікті түрде өткізді, ал кейінірек прокуратура сот арқылы бұл активтің тағы бір бөлігін қайтарып алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мән-жайы
"Байсат" базары осымен төртінші рет сатылымға шығарылып жатыр. Қазір нысан Қайтарылған активтерді басқару комитетінің қарамағында.
Сауда-саттық 8 сәуірге белгіленген. Бұл жолы базар 28 639 882 000 теңгеге бағаланған.
e-qazyna.kz сайтынан
Бұған дейінгі сауда-саттықтар
Алғаш рет бұл актив сатылымға 2025 жылы қыркүйекте 28,6 миллиард теңгеге шығарылды. Бірақ бірде-бір өтініш түспегендіктен, аукцион өтпей қалды.
Екіншісі 2025 жылдың соңында жасалды: бағасы шамамен екі миллиард теңгеге, яғни 26 миллиардқа дейін төмендетілді, бірақ ол кезде де сатып алушылар табылмады.
2026 жылы қаңтарда Қайтарылған активтерді басқару компаниясы "Байсатты" ең жоғары жеңілдікпен - 24,7 миллиард теңгеге сататынын жариялады. Алайда ол кезде де сатып алушы табылмады. Қазір активті төртінші рет сатуға тырысып жатыр, бірақ бұл жолы жеңілдіксіз, бағасы - 28 миллиард теңге.
Сатып алушыларға не ұсынылған?
Лот құжаттарында базар ресми түрде "Көтерме-бөлшек сауда орталығы" компаниясына тиесілі екені және Жетісу ауданы Солтүстік айналма жолы 7-үй мекенжайында орналасқаны көрсетілген.
e-qazyna.kz сайтынан
Оның құрамында жалпы ауданы 13 гектар болатын екі жер учаскесі бар, екеуі де жеке меншікте.
e-qazyna.kz сайтынан
Базар аумағында сауда үйлері мен блоктар, қоймалар, әкімшілік ғимарат, асхана, бақылау-өткізу бекеті және шаруашылық үйжайлар орналасқан.

e-qazyna.kz сайтынан
"Байсатта" азық-түліктен бастап сантехника, киім-кешек пен құрылыс материалдарына дейін бәрі сатылады.
e-qazyna.kz сайтынан
2025 жылғы бірінші жартыжылдықта базар 1 миллиард теңгеден аса табыс тапқан. Бұл - орындарды жалға беруден түскен қаражат.
e-qazyna.kz сайтынан
Қайрат Сатыбалдыұлы кім?
Қайрат Сатыбалдыұлы - Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі. Ол 2022 жылы 6 жылға сотталған еді. Тергеу мәліметі бойынша ол "Қазақтелекомға" 12 миллиард теңгеден аса шығын келтірген және "Көлік сервис орталығының" мүлкін талан-таражға салуға қатысы болған.
2023 жылы тергеу басқа эпизодтар бойынша жалғасты. Қаңтарда Қайрат Сатыбалдыұлы ақшаны жылыстату ісі бойынша кінәсін мойындады. Ол соталды тергеп-тексеру аясында "Байсат" базарының үлкен бөлігін мемлекетке ерікті түрде өткізді. Бұл бизнес оның ұлы Бауыржан Нұрсұлтанның атына рәсімделген болатын.