"Қайрат" пен "Пафос" тең түсті: стадионнан кадрлар

"Қайрат" пен "Пафос" тең түсті: стадионнан кадрлар

21 қазанда Алматыдағы Орталық стадионда УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аясында "Қайрат" және "Пафос" (Кипр) футбол клубтарының матчі өтті. Massaget.kz стадионнан кадрлар ұсынады.

Бүгін де стадион маңына полицейлер жұмылдырылды.

"Қайрат" сапында мына ойыншылар өнер көрсетті: Анарбеков (қақпашы), Тапалов, Мартынович, Сорокин, Луиш Мата, Арад, Глэйзер, Мрынский, Жоржиньо, Громыко, Сәтпаев.

Бүгінгі ойында Темірлан Анарбеков "Қайрат" сапына оралды.

Ойын 0:0 есебімен тең аяқталды.