2026 жылғы 25 қыркүйек - Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні

Каспийдегі трагедия: оқиға орнында не болып жатыр?

Каспийдегі трагедия: оқиға орнында не болып жатыр?

Каспий теңізінде әскери қызметшілерді іздестіру операциясы жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қорғаныс министрлігі мәліметінше, премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен құрылған үкіметтік комиссияның тапсырмасы бойынша Каспий теңізі акваториясында тәулік бойы үздіксіз іздестіру-құтқару операциясы жүргізіліп жатыр.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов басшылық етіп жүр.

Құрылған жедел штаб құрамына Қорғаныс министрлігінің, ҰҚК Шекара қызметінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің, сондай-ақ, Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдарының өкілдері кірген.

Ауқымды іздестіру-құтқару операциясына 252 әскери, 34 арнайы жерүсті техникасы, 37 әскери сүңгуір, 14 кеме мен катер, сондай-ақ, 4 тікұшақты қосқанда, жалпы 20-дан аса әуе кемесі жұмылдырылған.

Суреттер: gov.kz

Ведомстволардың күштері мен құралдары су айдыны, жағалау және оған іргелес аумақты әуеден үздіксіз бақылап, тексеріп жатыр.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды (соталды тергеу басталған - еск.). Арнайы комиссия оқиғаның барлық себебі мен мән-жайын анықтау мақсатында тергеу жүргізіп жатыр.

"Қаза тапқандардың отбасыларына және зардап шеккен әскери қызметшілерге материалдық, психологиялық көмек көрсетіледі", - деді министрлік өкілдері.

Еске салайық, 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында оқу-жауынгерлік тапсырманы орындау барысында ауа райы кенет күрт нашарлап, жел екпіні күшеюіне байланысты ашық теңізде 17 әскери қызметші суға кеткен.

Үш әскери қызметші құтқарылған, тағы екеуін іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. 12 әскери қызметші қаза тапты.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!