Қаралы қаңтар: қираған ғимараттардың бүгінгі күйі қандай?

Былтырғы 2 қаңтарда Қазақстанның көптеген қаласында басталған наразылық шараларының салдарын әлі де көруге болады. Ресми мәліметке сүйенсек, жаппай тәртіпсіздік кезінде 71 мемлекеттік органның ғимараты қираған. Сонымен қатар, 700-ден аса автокөлік, оның ішінде, жедел жәрдем және өрт сөндіру қызметінің көлігі өртеніп, жарамсыз болып қалған. Одан бөлек, 1,5 мың бизнес нысаны бүлінген. Massaget.kz тілшісі қаңтар оқиғасы кезінде Алматыда ең қатты зардап шеккен ғимараттардың дейін және кейінгі күйі туралы фоторепортаж дайындады.  

Қаңтар оқиғасы: Қанша? Неге? Қалай? Өзекті сұрақтарға жауап

Алматыда ең қатты зардап шеккен ғимарат - қала әкімдігі деп айтуға болар. Ғимаратты қалпына келтіру жұмыстары әлі жүріп жатыр. Әкімдік баспасөз қызметінің мәліметінше, әкімдік 2023 жылдың ІІ тоқсанында дайын болуы мүмкін. Бұл қалалық әкімдіктің қаңтар оқиғасы кезіндегі күйі.

Ал бұл ғимараттың бүгінгі күйі. Байқасаңыздар ішкі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Ал жақыннан қарасаңыз ғимараттың сыртына терезенің иллюстрация секілді "перде" іліп қойған.

Қалалық әкімдік ғимаратының басқа ракурстағы бүгінгі келбеті осы.

Ал бұл президент резиденциясының айналасы. Қызыл өртке боялған кішкентай нысанның қаңқасынан басқа ештеңе қалмаған.

Бүгінде бұл жер қоршауға алынған. Құрылыс жүріп жатқаны да білінбейді.

Негізгі дүмпулер болған қалалық әкімдікке қарама-қарсы тұрған Республика алаңындағы бұл ғимарат та ең көп зардап шеккен нысанның бірі.

Бүгінде ғимараттың жан-жағы тазаланғанымен нысанның өзі қалыпқа келмеген. Бұл ғимарат та иллюстрациялық "пердемен" жабылған.

Қаңтар оқиғасы кезінде бұл жерде бірнеше көлік өртеніп, аударылып жатқан.

Қаңтар оқиғасы кезінде мародерлер білгенін істеді. Ірі техникадан бастап киімге дейін ұрлағандар болған. Олар сауда орталықтарына айтарлықтай зиян келтірді. Соның бірі Абай даңғылының бойында орналасқан Promenade сауда орталығы.


Facebook/Антон Гордеев

Сауда орталығындағы дүкен иелерінің бірінің айтуынша, ішіндегі дүкендерді тек мародерлер емес, ғимараттың айналасында тұратын үйлердің тұрғындары да тонаған.

Сауда орталығының бүлінгені соншалық әлі күнге дейін жұмыс істемей тұр. Ғимараттың сыртында бүгінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны жазылған.

Республика алаңында тек әкімшілік ғимараттар емес, сонымен қатар, кафелер мен дүкен иелері де зардап шеккен. Мысалы мына спорт киімдерін сататын дүкеннің терезесі сынып, ішінде түк қалмаған.


halifat.net

Бүгінде Solomon дүкені штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Барлық жөндеу жұмыстары жүріп, сауда қызып жатқанын аңғаруға болады.

Бұл қаңтар оқиғасы кезінде Республика алаңының айналасында болған оқиға.

"Одесса" мейрамханасының қазіргі күйі осындай. Қаңтар оқиғасы кезінде мейрамхананың өзіне аса көп зақым келмегенімен айналасы қоқыс пен қираған жиһазға толы болған еді.

Алматыда тәртіпсіздіктерге қатысқандар Полиция департаментінің ғимараттарына да шабуыл жасап, қиратып кеткен. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, олар ғимаратты басып кіріп, қаруларды ұрламақ болған. Бұл Алматы қаласының Полиция департаментінің қаңтар оқиғасы кезіндегі күйі.

Ал бұл суреттен ғимарат толығымен қалпына келгенін байқауға болады.

Қаңтар оқиғасы кезінде бұл бұқа танымал болып кеткені сөзсіз. Бұқа жаппай тәртіпсіздікке дейін екі ай бұрын Алматыдағы Төле би - Әуезов көшелерінің қиылысындағы мейрамхананың алдына қойылған.

Алайда Алматыда бүлік болған күндері наразы топтар бұқаның инсталляциясын көше бойына шығарып қойған болаты. Әлеуметтік желіде митинг кезінде қалада жүргендердің бұқаны сүйреп жатқан видеосы тарады.

Жаппай тәртіпсіздік кезінде бұқа көшенің қақ ортасында тұрған. 

Алайда бүгінде бұған дейін мейрамхана маңында тұрған бұқа жоқ. Оның қайда тұрғаны әзірге белгісіз. Бұқа тұрған жерге мейрамхананың жазғы алаңы салынған. 

Қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен ғимарттардың бірі сол кездегі "Нұр Отан" ал қазіргі Amanat партиясының ғимараты. Сайран ықшамауданында орналасқан. Жаппай тәртіпсіздікке қатысқан адамдар терезелерді сындырып, "Нұр Отанның" жазуын алып тастаған. 

Бүгінде бұл ғимараттың атауы өзгерген. Қаңтар оқиғасынан кейін енді қалпына келген нысанға "Айсұлтан" бизнес-орталығына айналған. 

Алты қабатты ғимараттың жөндеу жұмысы биыл қарашада біткен. Бұл ғимаратта енді Amanat партиясы қызметкерлері отырмайды. Бизнес-орталық ұйым балансынан шығарылған. 

© Tengrinews.kz

Фото дейін: Әлихан Сариев
Фото кейін: Өмірбек Сансызбай



Бөлісу: