Қанат Ислам Алматы халқына бокс мерекесін сыйлады

Кәсіпқой боксшы Қанат Qazaq Ислам мансабындағы 27-ші жекпе-жегін жеңіспен аяқтады. Алматыдағы Балуан Шолақ спорт кешенінде өткен бокс кешінде отандасымыз Намибиядан келген Уолтер Каутондокваны жеңді.

Бұл кеште шаршы алаңға 7 бірдей боксшымыз шығып, ешқайсысы жеңілген жоқ. Бексұлтан Раушанов румыниялық қарсыласы Александру Ионитамен ойқастап жүріп жұдырықтасты. 

Алдыңғы қатарларда қазақ боксының ардагері, мансабын аяқтаған Жанат Жақиянов шаршы алаңға шыққан жас былғары қолғап шеберлерінің өнерін тапжылмастан бақылап, бағалап отырды.

Алғашқы минуттан шабуылға ұмтылып, қарсыласының әр қадамын аңдып қимылдаған Бексұлтан Раушанов жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтады. 

Жекпе-жек бар болғаны бірінші раундта аяқталды.

Бокс кешіне бірнеше жақын және алыс шетелден боксшылар келді. Атап айтқанда Украина, Молдова, Румыния, Өзбекстан, Польша және Намибия елдерінің былғары қолғап шеберлері өнер көрсетті.

Польшадан келген Михал Банбула есімді боксшы қазақстандық Нұрсұлтан Аманжоловқа еш қарсылық көрсете алған жоқ.

Бірден соққының астына алып, қарсыласын төпелегеннен соң поляк боксшысы бірінші раундта-ақ екі мәрте нокдаунға түсті.

Алғашқы үш минуттықты әрең өткізген Михал Банбула екінші раундқа шығудан бас тартты. Қызыл бұрышта тұрған Нұрсұлтан Аманжолов бастапқы сәтте түсінбей, артынша қарсыласын жұдырықтасуға шақырды. Алайда бәрі бекер. Техникалық жеңіс.

Кештің қызуқанды жекпе-жектерінің бірі қазақстандық Асқар Ерубек пен украиналық Владислав Барановтың арасында өтті.  Қос боксшы спорт кешенін толтырған жанкүйерлердің көңілінен шығатындай жекпе-жекті көрсете білді.

Екі боксшы да мықтылығын дәлелдеді.

Украиналық боксшының жаттықтырушысы шаршы алаңның жиегінен шәкіртіне бар ақылын айтты.

Бірнеше соққы алмасқаннан соң украиналық боксшы есеңгіреп қалған болатын. 

Дегенмен өзін-өзі қамшылап, қайта түрегелді. 

Жекпе-жек соңында қапталдағы үш төреші де жеңісті қазақстандық боксшыға берді.

Арман Рысбектің де жекпе-жегі ұзаққа созылмады. Қазақ боксшысы алғашқы раундта-ақ қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.

Кештің көзайымына айналғанды бұрымды қыздар.

Қытайдан келген этникалық қазақ Ақетелиеке Жиенси Қазақстандағы алғашқы жекпе-жегін өткізді.

Төртінші раундқа дейін оның қарсыласы Максим Ворониннің қабағы жарылғандықтан төрешілер жекпе-жекті тоқтатып, тең есепті тіркеді.

Төреші...

Деңгейі жағынан кештің екінші басты жекпе-жегінде Руслан Мырсатаев жұдырықтасты. 

Ауыр салмақтағы боксшылардың жекпе-жектері қызықты өтті деуге келеді. 

Барлық 8 раундқа жалғасқан жекпе-жекте Руслан Мырсатаев төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіске жетті.

Спорттағы әріптестерін қолдауға кәсіпқой боксшы Әли Ахмедов те келді.

Кештің басты жекпе-жегіне Уолтер Каутондоква ұлттық әнмен шықты.

Ал Қанат Ислам шаршы алаңға домбыраның сүйемелдеуімен көтерілді.

Жекпе-жек алдында әдеттегідей екі боксшының мемлекеттік әнұрандары орындалды.

Қанат Исламның жаттықтырушыс мен командасы.

Намибиялық бокшы чемпиондық белбеуді алып кетуге ниетті.

Кештің көркін келтірген бұрымды қыздар мен ринг-анонсер.

Бастапқы раундтарда бойшаң қарсыласы белсенді жұдырықтасуға тырысты. Шаршы алаң ортасын иеленіп, Қанатты қыспаққа алуға тырысты. 

Екінші раундта қазақ боксшысы қарсыласына бірнеше рет жұдырығын дәл тигізді.

Кейінгі раундтарда да Қанат Намибиядан келген дәл соққыларымен күтіп алумен болды. 

Әсіресе бесінші раундта басымдығы айқын байқалды. Уолтер жойқын соққыдан кейін бір тізерлеп тұрды. Төреші есеп ашып, нокдаун тіркелді.

Алтыншы раундта Уолтер Каутондоква белсенді жұдырықтасты. Шабуылын үдетіп, қарқын қосты. Қанат қаша жүріп жұдырықтасуға көшті. Бірде қарсыласының жұдырығы дәл тисе, бірде ауа қармап жатты.

Жекпе-жек соңында Қанат қорғана жүріп жұдырықтасты. Қарсыласын күтіп алып, дәл соққыларын тигізуге тырысты.

10 раундтық жекпе-жек қорытындысы бойынша отандасымыз жеңіске жетті. Осылайша WBO нұсқасы бойынша екінші дәрежелі чемпиондық атағын қорғап қалды.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев боксшыға қолдау көрсету үшін арнайы келіп, оны құттықтады:

Оңайға соқпаған 10 раундтық жекпе-жек пен жанкүйерлердің толқынысы. Бірақ Қанат жеңіске деген жігері мен қайтпас қайсар мінезін көрсете білді. 27-жеңіс құтты болсын, чемпион!

- Бұл жекпе-жекке ұзақ дайындалдық. Қарсыласым мықты боксшы болды. Барлықтарыңызға рақмет. Команда жігіттеріне рақмет. Осындай жеңіске жетуім – ұстаздарымның арқасы, - деп атап өтті боксшы жекпе-жек соңынан.



Бөлісу: