Жантүршігерлік қылмыс: Астана маңында бір отбасы аяусыз өлтірілген

Ақмола облысы Полиция департаменті Астана маңындағы Жібек Жолы ауылында болған жантүршігерлік қылмыс туралы ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мессенджерлерде бір отбасы мүшелері аяусыз өлтірілгені туралы хабарлама тарады. Кейбір дерек бойынша бұл қылмысты ауыл тұрғыны жасаған.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі күдікті ізін суытпай ұсталғанын және ол уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады.

"Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында", - деді полиция.

Құрбандар саны әлі нақтыланып жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жарияланбаған.

Tengrinews.kz оқиға орнынан кадрлар жариялады.

Суреттер: Tengrinews.kz/ Маржан Қуандықова

Жібек Жолы - Ақмола облысы Аршалы ауданындағы ауыл. Ол Жібек Жолы ауылдық округіне кіреді. Астанадан шамамен 30 шақырым жерде орналасқан.



Бөлісу: