"Жаңа үйлер көп, мәселе де аз емес": Алматының Қайрат шағынауданындағы тыныс-тіршілік

"Жаңа үйлер көп, мәселе де аз емес": Алматының Қайрат шағынауданындағы тыныс-тіршілік

Алматының Түрксіб ауданындағы Қайрат шағынауданы жаңалықтарда жиі айтылады. Кейінгі жылдары бұл аудан айтарлықтай өзгерді, себебі мұнда көптеген жаңа тұрғын үй кешені салынып жатыр. Мұндай қарқын жағдайға әсер етпей қоймайды. Себебі инфрақұрылым мен инженерлік желілер құрылыс қарқынына ілесе алмай қалып жатады. Бұған дейін кейбіреулер құрылыс компанияларына, енді біреулер жарық жиі өшірілетініне шағымданса, ал жеке үйлердің тұрғындары баспаналарын бұзбауды сұраған болатын.

Қайраттың басты көшелерінің бірі Тараз қаласының құрметіне аталған. Ол Құлжа тасжолы мен Жетісу базары маңынан бастау алады. Жолдың өзі тар, ал ірі базармен көршілес болуы оған еш пайдасын тигізіп тұрған жоқ.

Қайрат - Алматының Түрксіб ауданында, қаланың солтүстік-шығыс шетінде орналасқан шағынаудан. Бұрын ол Алматы облысы Талғар ауданында қараған, ал 2014 жылы мегаполис құрамына енді. Қазір бұл жер - қаланың ең қарқынды дамып жатқан бөліктерінің бірі. Мұнда әлі де жеке үйлер бар, бірақ оны ірі тұрғын үй кешендерінің құрылысы ығыстырып жатыр.

Салынып жатқан тұрғын үй кешендеріне бетон мен құрылыс материалдарын таситын жүк көліктері жағдайды қиындата түседі. Салдарынан мұнда үнемі кептеліс болады.

Пробка на улице Тараз в микрорайоне Кайрат©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Жолшыбай кездескен алғашқы тұрғын үй кешені премиум санатқа жатады. Dream City Family туралы сөз болып отыр. Қазірдің өзінде A, B, C және D әріптерімен белгіленген алғашқы төрт үй бой көтерген.

Дома очереди "A", "B", "C" и "D" ЖК Dream City Family©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Ал Е, F және G блоктары салынып жатыр. 

Дома очереди "E", "F" и "G" ЖК Dream City Family ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Сондай-ақ, K, L, M және N блоктарының құрылысы басталған. Құрылыс қарқынына қарағанда компания ағылшын әліпбиін "толық игеруді" жоспарлап отырған сияқты.

Жаңа көпқабатты үйлер жазық алаңда бой көтеріп жатыр. Оларға апаратын асфальт төселген жолдар болса, жағдай жақсара түседі.

Дома очереди "K", "L", "M" и "N" ЖК Dream City Family©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Бірақ бәрінің бірдей жолы бола бермейді. Мәселен басқа құрылыс компаниясына тиесілі Qazyna тұрғын үй кешеніне баратын жолға әлі асфальт төселмеген. Бұл оның премиум санатқа жатпайтынынан болса керек. Осы 13 жеті қабатты блокқа жету үшін біраз тер төгу керек.

ЖК Qazyna в микрорайоне Кайрат©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Бұл үйлерге ыстық күнде де жету оңай емес, жер қатты болғанымен, шаң-тозаң. Күзде жауын-шашын кезінде және көктемгі жылымықта мұнда қандай батпақ болатынын елестету қиын емес.

Женщины идут по пыльной неасфальтированной дороге от ЖК Qazyna©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Жергілікті тұрғындар су мен жарық туралы айтты.

"Иә, жарық өшіп тұрады. Бір күн ішінде бірнеше рет өшіп қалуы мүмкін", - дейді дүкендердің біріндегі сатушы.

Тараз көшесіндегі тағы бір тұрғын үй кешені Buta Legacy деп аталады. Ол бес қабатты 24 блоктан тұрады.

ЖК Buta Legacy©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Осы кешеннің тұрғындары 2025 жылғы шілдеде бейнеүндеу жариялап, құрылыс компаниясына шағымданған болатын.

"Пәтерлерді комфорт санатындағы, тіпті құрылыс компаниясы мен сату бөлімі айтқандай, комфорт плюс санатындағы үйлерден сатып алдық. Бірақ қарапайым комфорт деңгейіне де жете алмай отырмыз", - деді бұған дейін желіде тараған видеода Buta Legacy тұрғындарының бірі.

Сондай-ақ, адамдар үйлердің қасбеті кей жерлерде тозып кеткенін айтты. Тұрғындар су қысымы төмендігіне, оның сапасына және электр қуаты Талғардан (Алматы облысындағы қала) келетіндіктен жиі ажырайтынына шағымданды.

©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Қазіргі жағдай қалай? Бұл сауалға тұрғындардың бірі жауап берді:

"Өзім мұнда тұрмаймын. Балам тұрады. Ол шағымданбайды. Жарық пен су мәселесі туралы одан бірде-бір рет естімеппін".

Ал келесі жергілікті тұрғын құрылыс компаниясы бірқатар ескертуді түзеткенін, бірақ жарық пен су өшіп тұратынын айтты. Осы кешеннің тағы бір тұрғыны су қысымы әлі де төмен екенін айтады. 

Машины едут вдоль строительного забора в микрорайоне Кайрат©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Тұрғын үй кешенінің кіреберісіндегі шлагбаум алдында тұрған жүргізушілердің бірі қонақтарға арналған тұрақ жоқтығына наразы. Кешен аумағына тек тұрғындар кіре алады,  ал курьер, такси жүргізушісі болсаңыз немесе біреуге қонаққа келсеңіз, көлік қоятын жер жоқ. Мұндағы жолдар да, тротуарлар да өте тар.

Келесі кезекте Tamarix City тұрғын үй кешені. Оған жету үшін жеке үйлер мен ірі автобус паркінің маңынан өту қажет.

Частный сектор в микрорайоне Кайрат©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Кейін Tamarix City 2.0 маңынан өту керек. 

ЖК Tamarix City 2.0 в микрорайоне Кайрат и люди идут по дороге©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Оның артында әлі пайдалануға берілмеген Buta Albion тұрғын үй кешенін көруге болады. Сыртқы түріне қарағанда, құрылыс компаниясы қасбеттегі жұмыстарды аяқтап қалған.

Жилой комплекс Buta Albion в микрорайоне Кайрат©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

5 қыркүйекте Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Tamarix City тұрғындарымен кездесті.

ЖК Tamarix City в микрорайоне Кайрат©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Кездесуде инженерлік мәселелер және инфрақұрылым мәселелері талқыланды. Тұрғындар қала басшысына жолдар мен тротуарлардың жай-күйі, арық желісі мен сыртқы жарықтандыру мәселелері бойынша да өтініш білдірді. Бұл мәселелердің барлығы бақылауға алынған.

Табличка с номером дома 303 в ЖК Tamarix City©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Мұнда 2021 жылдан бері, яғни үйлер пайдалануға берілген сәттен бастап тұратын әйел былай дейді:

"Биыл жарық өткен жылдарға қарағанда әлдеқайда жиі өшіп тұр. Жарық күні бойы болмаған кездері де бар. Басқа мәселе көріп тұрған жоқпын, тек жарық жағы қиын болып тұр".

Забор, а за ним детская площадка во дворе ЖК Tamarix City©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Тағы бір жергілікті тұрғынды осы тұрғын үй кешені аумағы арқылы өтетін көліктер мазалайды:

"Көліктер күндіз-түні ағылып жатыр. Маңайдағы құрылыстардың кесірінен үнемі шаң болады, соның салдарынан балалар алаңқайлары лас. Су мен жарық өшуі туралы айтпай-ақ қояйын".

Tamarix City-ге қарама-қарсы жаңа мектеп салынған.

Новая школа в микрорайоне Кайрат©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Ал оның артында тағы бір тұрғын үй кешені - Jeti Qazyna бой көтеріп жатыр.

Краны и блоки - строящийся ЖК Jeti Qazyna в микрорайоне Кайрат©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Тағы бір тұрғын үй кешені - Altyn City. Бұл кешен Қайрат  шағынауданының негізгі бөлігінен оқшау орналасқанымен, картада осы ауданға жатады.

Ол 32 он қабатты блоктан тұрады. Сыртқы түрі Tamarix City үйлеріне қатты ұқсайды. Екі жақта да құрылыс компаниясы бір. 

Дома, двор, детская площадка ЖК Altyn City у микрорайона Кайрат©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Мұндай төрт айдан бері пәтер жалдап тұратынын айтқан бір тұрғын тұрғын үй кешеніндегі жағдайды былай сипаттады:

Припаркованные машины у ЖК Altyn City©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

"Төменгі блоктарда тұрамын. Меніңше, жоғарғы блоктарда жарық жиі өшеді. Әйтеуір бізге қарағанда жиі. Дауыстың бәрі естіліп тұрады: көшедегі де, көршілер де. Тіпті көршілердің оятқышы шырылдағанына дейін естимін. Ыстық су да жиі өшеді, жарыққа қарағанда жиірек. Үш-төрт сағатқа өшіріп тастауы мүмкін. Әсіресе, бала болғанда өте ыңғайсыз", - деді әйел.

Шілдеде шенеуніктер берген есепке сүйенсек, тек осы ауданның өзінде 21,6 шақырым су құбыры мен 24,7 шақырым кәріз желісі тартылып, 15,6 шақырым жол мен үш кәріз сорғы станциясы салынған.

Дегенмен билік құрылыс компанияларының қарқынына ілесе алмай келеді. Тұрғын үй кешендері көп салынып жатқаны соншалық - қуат көздері бәріне бірдей жетпей жатыр. Қала билігі тепе-теңдікті сақтай ала ма, жоқ па, мұны тек уақыт көрсетеді.

Дереккөз: Tengrinews.kz