Хабар арнасы ақ халатты абзал жандар туралы телехикая түсіріп жатқанына бірнеше ай болды. Біз түсірілім алаңында болып, осы уақытқа дейінгі режиссер мен актерлердің еңбегін бүгінгі мақаламызда ұсынбақпыз. Түсірілім алаңында қызу жұмыс жүруде. Осы күзде берілетін сериалдың ауқымы мен маңызы үлкен. Себебі медицина тақырыбында бұрын соңды дәл осындай картина Қазақстанда түсірілмеген. 32 бөлімдік драмада ана мен бала денсаулығы, жүкті әйелдердің басындағы ауыртпашылық, оларға көмек көрсетіп, ота жасаудағы дәрігерлердің жанкештілігі сөз болады. Абзал жан телехикаясы украиналық Женский доктор телехикаясының қазақша нұсқасы. Сол себепті шығармашылық ұжым шет елдік әріктестерімен тәжірибе алмасыпты. Украиналық әріптестерден кеңес алдық. Киевте фильмнің үшінші маусымы түсіріліп жатқанда, біздің түсіру тобымыз сонда барып, тәжірибе алмасып келді. Себебі медицинаның қыр-сырын көрсететін мұндай фильм Қазақстанда әлі түсірілген жоқ. Ауруды емдеуді де, баланы өмірге әкелуді де шынайылыққа өте жақын етіп көрсетуге тырыстық, - дейді Абзал жан фильмінің бас продюссері Николай Пак. Сериал мамандықпен байланысты болғандықтан өз ерекшелігі болады. Сол себепті түсрім алаңыда екі медициналық кеңесші бар. Олар деректердің шынайы, диагноздардың дұрыс қойылуы, ота жасау барысында құрал саймандарды дұрыс ұстауды, қай жерінен кесу керек, терминдерді дұрыс айтуын бақылап отырады. Осы жағынан келгенде көрермен шындықтың куәгері болады - деді картина режиссері Серікбол Өтепбергенов. Серікбол Өтепбергенов қазақстандық көрерменге Жас ұлан, Болашақ, Жедел жәрдем сынды фильмдері арқылы таныс. Оны жобаға телехикаяның продюсері Николай Пак шақырған. Оқиғаның мазмұнымен танысқан соң, бірден келісе кеттім. Себебі туындыда елімізде болып жатқан өзекті мәселелер көтеріледі. Жүкті әйелдердің денсаулығының төмендеуі, балалардың түрлі ауруларға шалдығуына алып келеді - деп ойын жалғастырды режиссер. Басты рөлді актер Қажымұқан Қалымбет сомдайды. Сондай-ақ Азат Сейтметов, Ақмарал Дайрабаева, Ербол Садырбаев, Қазыбек Аташ және басқалар да сериалда ойнайды. Абзал жан телехикаясының алғашқы бөлімі қыркүйек айында көрерменге жол тартпақ.