Ешқандай шетелден кем түспейді! Катон-Қарағайдың сұлу табиғаты жұртты таңғалдырды

Ешқандай шетелден кем түспейді! Катон-Қарағайдың сұлу табиғаты жұртты таңғалдырды

Катон-Қарағайдың тұмса тұнық табиғаты жұртты таңғалдырды. Танымал фотограф Фархат Қабдықайыров шығыстың таңдай қақтырар cуреттерін жариялады. Massaget.kz тілшісі әсерлі пейзажға шолу жасап шықты.

Катон-Қарағай Алтайдың жүрегі деп те аталады, тарихшылар бұл жер түркі халықтарының бесігі екенін айтады. Тіпті мажарлардың түп тамыры да осы жерлерден шыққаны дәлелденген.

Фотограф таспалаған әрбір кадр құдды суретшінің қолынан шыққан ерекше өнер туындысындай... Бірақ бұл - шынайы көрініс, шырайлы шығыстың әдемі келбеті.

Тау баурайындағы жап-жасыл жазық дала кім-кімді де ерекше әсерге бөлейді.

Фотограф Фархат Қабдықайыров ерекше кадрларды да назардан тыс қалдырмаған.

"Бізді Катон-Қарағайда таңғажайып пейзаж күтіп тұрды. Әдемі әрі өр маралдар дроныма қызығушылықпен қарады... Шығыс Қазақстанның әдемі көрінісіне тәнті болыңыздар", - деп жазды фотограф.

Катон-Қарағай марал шаруашылығының отаны екенін бірі білсе, бірі білмес... Ал мына суреттер - соның нақ айғағы.

Желі қолданушылары да табиғаттың осыншалық көркемдігіне, фотографтың ерекше қабілетіне таңданысын жасыра алмаған.

"Таңғажайып сұлулық!", "Швейцариядағыдай дейді, бұл - өзіміздің Қазақстан", "Сипаттауға сөз жетпейді", "Біздің шығыстың табиғаты керемет қой. Оның әдемі тұстарын көрсете алғаныңыз үшін рақмет", "Керемет көрініс", - деді олар.

Айта кетейік, Катон-Қарағай ұлттық саябағы – Қазақстандағы ең үлкен саябақ. Ол Шығыс Қазақстан облысының Катон-Қарағай ауданында орналасқан, Ресеймен шектеседі. Саябақ ЮНЕСКО-ның ерекше қорғалатын мұралар тізіміне енгізілген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Farkhat Kurmetovich (@farkhat_kabdykairov)

Суреттердің авторы: Фархат Қабдықайыров, материалда автордың рұқсатымен қолданылды