Елдің түкпір-түкпірінен жиналған балалар Ақорданы аралады

Еліміздің әр өңірінен келген оқушылар Ақорданы аралады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Президент резиденциясы барлық облыстан келген 100 оқушыға есігін айқара ашты.

Ақордада пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, оқу озаттары, шығармашылық байқаулардың және спорт сайыстарының лауреаттары қонақ болды.

Кішкентай меймандарға ғимарат құрылысының тарихы мен сәулет ерекшеліктері туралы сыр шертетін қызық экскурсия ұйымдастырылды.

Оқушылар ресми қабылдау өтетін залдармен, Мемлекет басшысының кітапханасымен танысып, резиденция аумағындағы бақта серуендеді.

Жеткіншектер Қазақстан тарихы туралы жан-жақты мәлімет алып, Тәуелсіздік құндылықтарының маңызына бойлады.

Экскурсия соңында балаларға Президент атынан естелік сыйлықтар табысталды.



Бөлісу: