Дастархан сәні
Үйімізге қонақ келгенін бәріміз жақсы көреміз. Алдын-ала дайындалып, дастарханымызды жайып, дәмді де пайдалы тағамдармен толықтырамыз. Соның ішінде тәтті жеміс-жидектер мен көкөністер де бар. Атап өтетін болсақ, алма, ананас, қияр, қызанақ қашанда дастарханымыздың сәнін келтіреді. Ал оларды дастархан ажарын аша түсетіндей әдемілеп ұсыну өз қолымызда. Ол үшін аспаздардың көмегіне жүгінбей-ақ, төмендегідей етіп, жасап қоюға болады.
Бұл алмадан жасалған аққу. Жасалу жолы өте оңай. Алманы қиғашынан кесіп, бір жартысын екіге бөлсек болғаны.
Ал алманың қалған екінші бөлігінен аққудың басын жасаймыз.
Өздеріңіз көріп отырғандай, алманың дәнінен аққудың көзің жасай аламыз.
Бір алманың өзінен-ақ, осындай аққуды жасап, келген қонағымызға ұсынсақ болады.
Сұлулықтың символына айналған аққуды осылай әдемі етіп кесіп қойсақ, дастарханымыз одан әрі жайнай түсері анық.
Бұл қызанақтан жасалған раушан гүлі.
Қызанақтың қабығын айналдырып кессек, осындай керемет гүл шығады.
Жанына қиярды уақтап турап қоюға болады.
Раушан гүлі адамдарға керемет көңіл-күй сыйлайтын қасиетке ие. Келген қонағымызға оны қызанақтан жасап ұсынсақ, ерекше әсер қалдыратынымыз анық.
Бұл да қарапайым қызанақ пен қиярдан жасалған дастархан сәні.
Ананасты жақсы көрмейтін жан жоқ шығар. Оны тураудың осындай да жолы бар.
Тіпті, астына тәрелке қоймай-ақ, қонағымызға дәл осы қалпы ұсынуға болады.
Дастарханымызды осылай әдемілеп дайындасақ, өзімізге де, келген қонағымызға да керемет көңіл-күй сыйлармыз анық.
Астарыңыз дәмді болсын!
Сурет: Massaget.kz