Ауыл өмірі
Қаланың күйбең тіршілігінен шаршағанда ауылды аңсап тұрарымыз анық. Ауылдың таза ауасымен ұйыған тыныштығы кімді де болса өзіне тартып тұрады. Біз де қала өмірінен шаршап, демалысын қайда өткізерін білмей жүрген оқырмандарымызға ауыл өмірінің қызықты сәттерін ұсынамыз.
Менің де ауылды сағынғаным сонша, жетуге асығып келе жатқан сәтім.
Кеш батып барлығы үйді-үйлеріне кіріп жатқан сәтте мен де көптен күткен ауылымның іргесіне келдім.
Ауыл таңының атуы да ерекше, жер жүзін нұрға бөлер күніміздің енді көтерілген сәтін де назарымыздан тыс қалдырмауға тырыстық.
Күн тәртібіндегі тіршіліктің бастауы от жағумен басталды.
Ауыл тіршілігі таңмен таласа қызып та кеткен тәрізді.
Сиыр сауылып өріске жіберілейін деп жатқан сәт.
Қойлар да ауыл маңындағы жайылымға шығарылды.
Түнімен қорада тұрып ашыққан қойлар ентіге жайылуда.
"Жақсы ит иесінің көзі, құлағы" демекші иесінен алыстамай, қойды торауылдап жүрген ақылды ит бейнесі.
Ауылға қайта оралдық, бірінші болып көзімізге қора қиын тазалап жүрген Тоқтар аға көрінді.
Ат басын ауылымызда жаңа ашылған балабақшаға бұрдық.
Әр елден жиналған әрқилы ертегі кейіпкерлерін де осы балабақша ауласынан жолықтыра аласыз.
Ораз Жандосов атындағы орта мектебіне кірген едік. "Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға" деп Абай атамыз айтқандай, Тәлей аға балаларға сабақ түсіндіру үстінде.
Гүлсара апай да берілген 45 минут уақытын қалт жібермей, оқушыларды біліммен сусындатуға тырысуда.
Сонымен қатар Нұрғанат аға жетекшілігімен болашақ Қазақстанның туын ұстар жауынгерлер дайындалуда.
"Құрмет" орденінің иегері ҚР Мәдениет қайраткері, Алматы облысының құрметті азаматы Мәмет Сүлеймен Байбабаұлына арналып ашылған кітапханаға да бас сұқтық.
Қалаған кітабыңызбен қамтамасыз етер Гүлжан апай да осында екен.
Әр күнгі сабағын әртүрлі қызықтарға толтыра өткізетін Дидар аға оқушыларына тағы да таным көкжиектерін кеңейтуге бағыт беруде.
Осылай сенбілік сабақтар аяқталып, оқушылар үйді-үйіне тарасуда.
Ауыл дүкеніне тұрғындар бірінен соң бірі келіп сөрелерді босатуда.
Газ тасушы ауылды көгілдір отынмен қамтамасыз етіп кетпекші.
Ауыл баласы компьютер ішіндегі қарулармен емес, осындай садақтармен жебесін жарыстыра алысқа атып ойнайды.
Бәлкім сіз де осылай бала күніңізде садақ тартқан боларсыз.
Мергендікке баулитын тағы бір ойын түрі асық ату ауылда кең тараған.
Пеш мұржасына тұнған ысты тазалау барысы осылай жүзеге асады.
Көптен күткен су да ақты. Су уақытпен 13.30-19.00 аралығында ағады.
Су сүйреген бала бейнесі кімге де болса балалық шағын еріксіз еске алдырады.
Су алу кезегіне асыққан балалар бізге сәлемін осылай білдірді.
Жазда дайындаған отындарын осылай шетінен кесіп қыс бойына жағып шығады.
Ауылда осындай ерекше, қызық құбылыстар көп кездеседі.
Кешкі сағат 17.00-де өрістен мал қайтып келеді.
Сиырлар орнына байланып су беріледі, одан соң алдарына салынған шөп-жемін жеуге кіріседі.
Жас туған бұзау өрістен келген анасын құштарлана емуде.
Осылай тағы бір күн өтіп, кеш батты. Ауыл тұрғындары малдарын жайғастырып, үйлеріне кіріп, ертеңгі күнге дайындалады.