Астанаға 15 минуттық жердегі ауыл халқы қалай өмір сүріп жатыр?
Қызылсуат ауылынан Астананың көрінісі. ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев
Расында, бұл - елордаға ең жақын елді мекендердің бірі, ол әуежайға апаратын айналма жолдың бойында орналасқан. Сол жағалаудан Қызылсуатқа дейін кептеліссіз шамамен 15-20 минутта жетуге болады.
Айналма жол. ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев
90-жылдардың аяғына дейін ауыл Калинино деп аталған. Бір кездері мұнда ауыл шаруашылығы қарқынды дамыған.
Қызылсуат ауылындағы мектеп мұражайынан алынған сурет
Қазір мұнда мал шаруашылығымен немесе егіншілікпен айналысатын кәсіпорындар жоқ. Кейбір жергілікті тұрғындар әлі де мал ұстайды, алайда оларды жайылым тапшылығы әбігерге салады. Шөп шабатын жер де жоқтың қасы.
©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев
Осыдан 10-15 жыл бұрын мұндағы тұрмысты жайлы деп айту қиын еді. Асфальт та, тұрақты электр жарығы да болмаған, ал қыста жолды қар басып қалатыны соншалық - тұрғындар бірнеше күн бойы ауылдан шыға алмай қалатын.
Бүгінде Қызылсуат халқының саны жыл сайын артып келеді. 90-жылдардың аяғында мұнда ресми түрде 400-ге жуық адам тұрса, қазір шамамен 1 300 адам тұрады. Бұл тіркеуде бары ғана. Қызылсуаттағы нақты халық саны бұдан үш есе көп және әлі де өсіп жатыр.
©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев
Қазір тұрмыс бірте-бірте оңалып келе жатқандай. Қызылсуатқа келгенде ең бірінші көзге түсетіні - газ тарату тораптары.
Газ тарату торабы. ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев
Желілер учаскелерге дейін тартылған, енді үй иелері құбырды үй ішіне кіргізуі керек. Жақында Қызылсуатқа газ беріледі. Бұл екі бірдей мәселені шешуге тиіс: енді халық бұрынғыдай пеш жақпайды және суды арнайы жабдықпен жылытуға болады.
Қызылсуаттағы үйлерге газ тартылып жатыр. ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев
Қызылсуатта әзірге орталықтандырылған су жүйесі жоқ. Дегенмен құбырлар тартылып қойған, биыл су берілуге тиіс. Қазір тұрғындар ауызсуды арнайы орнатылған екі блок модульден алады, ал басқа қажеттілік үшін аулаларындағы ұңғымаларды пайдаланады.
Ауыл ішінде көптеген коттедж байқалады.
Қызылсуаттағы коттедж. ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев
Қызылсуаттағы коттедж. ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев
Мұнда ауласы әдемі безендірілген, ерекше екі-үш қабатты үйлер аз емес. Бір қызығы - олардың көбі сатылымға шығарылған.
Қызылсуаттағы коттедж. ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев
Ең қымбат зәулім үйдің бағасы 400 миллион теңгеден асады. Бірден көшіп келуге болатын ең арзан үйлердің бағасы шамамен 30 миллион теңгеден басталады. Ал жер телімдерінің орташа бағасы - 15-20 миллион теңге.
Қызылсуаттағы коттедждер. ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев
Десе де Қызылсуатта тротуар жоқтың қасы.
©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев
Кейбір көшелерде асфальт та төселмеген.
©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев
Ауылдық әкімдік өкілдері асфальт төселген көшелерде тротуар болмауы мердігер жұмысының салдары деп жауап берді.
Шенеуніктер болашақта барлық көшеге асфальт төселіп, жаяу жүргіншілер жолы жасалады деп уәде берді.
©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев
Ауылдағы жалғыз саябақ та күтімсіз қалғандай көрінеді.
Қызылсуат ауылындағы саябақ. ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев
Шенеуніктер қураған ағаштарды да болашақта ауыстыруға уәде беріп отыр.
©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев
©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев
Саябақ маңында бұрынғы Мәдениет үйінің бір қабатты ғимараты орналасқан, ол қазір қараусыз қалған. Әкімдіктегілер бұл ғимарат жекеменшік иелігінде екенін мәлімдеді.
Әкімдік оны қайта сатып ала ма, әлде жаңа Мәдениет үйін басқа жерден сала ма, ол жағы әзірге белгісіз.
Қызылсуаттағы бұрынғы Мәдениет үйі ғимараты. ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев
Ауылда бір ғана мектеп бар және ол екі есе артық жүктемемен жұмыс істеп тұр. Сондықтан жергілікті балалардың бір бөлігі Астананың оқу орындарында білім алады.
Қызылсуат ауылындағы мектеп. ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев
Қызылсуат тұрғындарының басым бөлігі елордада жұмыс істейді, ал бір бөлігі жақын жерде орналасқан әуежайда қызмет етеді. Ауыл ұшу бағыты бойында орналасқан, сондықтан бұл жерден ұшақтар көкке көтерілгенін тамашалауға болады.
©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев
Қазір Қызылсуаттан елордаға екі қала маңы автобусы қатынайды: оң жағалауға баратын №313-автобус және жолаушыларды сол жағалауға жеткізетін №314-автобус.
©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев
Бұдан бөлек, Қызылсуатта шағын балабақша және фельдшерлік-акушерлік пункт бар. Ауылға жақын маңда қорғаныс бөгеті салынған, ол ауылды ғана емес, Астананы да көктемгі су тасқынынан қорғап тұр. Бөгеттен мынадай көрініс ашылады:
©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев
Бөгеттің екінші жағы жазық дала.
©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев
Ауыл тұрғындарының бірі Мұхтарима Төлегенова тракторшы, сауыншы, ферма бригадирі, ауылдық клуб меңгерушісі және кітапханашы болып жұмыс істеген.
Мұхтарима Төлегенова. ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев
Қазір зейнетке шықса да, үйде бос отырмау үшін қосымша жұмыс істейді.
"Целиноград ауданы бойынша аналар кеңесінің төрайымымын. Қазір ауылда жағдай күннен күнге жақсарып келеді. Әрине, Астанаға жақын болуымыз - үлкен артықшылық", - дейді ол.
Ал бұл - 2012 жылы Петропавлдан Қызылсуатқа көшіп келген Баян Сәденова.
Баян Сәденова. ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев
"Біз көшіп келгенде, өте нашар еді. Жол да, автобус та болған жоқ. Осы уақыт ішінде бізге жол салып берді. Астананың сол жақ және оң жақ жағалауына екі автобус жүргізді. Жаңа мектеп салынды. Бір ғана жетіспейтіні - мәдениет клубы. Жиналып, ән айтатын, іс-шаралар өткізетін жер болса дейміз. Бізге, қарттарға жиналып, шүйіркелесіп, жастық шақты еске алатын орын болса, жақсы болар еді", - дейді ол.
©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев
Әкімдік елді мекеннің бас жоспарын ұсынды:
Қызылсуат ауылының бас жоспары. ©️ Tengrinews.kz / Иван Сухоруков
Бас жоспарға сүйенсек, болашақта жазық далада жаңа мектебі мен балабақшасы бар тұтас коттедж қалашығы бой көтереді.
Қызылсуат ауылының жаңа ауданын салуға дайындық жұмыстары. ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев