Англияның алпауыты астанада тізе бүкті
Футболдан Еуропа лигасы топтық кезеңін аясында "Астана" ағылшынның даңқты командасы "Манчестер Юнайтедті" қабылдады. Нұр-Сұлтанда өткен ойында қазақстандық команда Англиядан келген қарсыластарын 2:1 есебімен ұтты.
Ағылшын командасы үшінші құрамын әкелгеніне қарамастан елорда жұрты "Астана Арена" стадионын лық толтырды. Матчқа ресми 28 900 көрермен келген екен.
"Манчестер Юнайтед" әлемде жанкүйерлерінің көптігі бойынша алғашқы үштікте. Футбол тарихында атын алтын әріптермен жазған "қызыл сойқандардың" дәуірлеу кезеңі Сэр Алекс Фергюсонның тізгіндегенде келгені анық. Дәл сол бір аңыз жаттықтырушы елімізде сағынған жанкүйері де бар екен.
Футболдың құдіреті - жасына қарамастан жанкүйерлерді алаңға жинау. Фотода атасының немересімен трибунада сүйікті командасына қолдау көрсетуге келгенін көруге болады.
Матч тізгінін литвалық төрешілер - Донатас Румшас, Александр Радиус және Довидас Сужеделис ұстаған.
Қазақстандық Ник Вуйчич атанып кеткен Әли Тұрғанбеков команданы алаңға бастап шығарды.
Жанкүйерлер лық толтырған "Астана Арена"...
Қазақстан футболының тарихында аттарын қалдырған құрам.
Сонау тұманды Альбионнан келген жанкүйерлердің де қарасы көп болды. Матч бастала салысымен әндетіп, сүйікті клубын қызу қолдады.
Төреші ысқырық шалысымен қонақтар бірден алға ұмтылды. Бірнеше қауіпті шабуылдар жасап та үлгерді.
Қонақтардың голы ұзақ күттірген жоқ. Осы матчтағы команда капитаны, негізгі құрамнан мүлдем орын ала алмай жүрген Джесси Лингард алыстан әдемі соққы бағыттап, допты Ненад Эрич қақпасының торында тулатты.
Дегенмен бұдан әріге "қызыл сойқандардың" әлі келмеді.
Ойынның бірінші бөлігінде шабуылдан нәтиже шығара алмай, алаңда сабылысып жүрген "Астана" екінші таймға ерекше жігермен шықты.
"Манчестер Юнайтедтің" "Астананың" қақпасына соққан екінші голы. Алайда қапталдағы төреші МЮ футболшысының ойыннан тыс қалғанын көрсетті. Ал бас төреші ысқырыққа тоқтамаған футболшының сары қағазбен "марапаттады".
Ойынның қаһарманы мен анти-қаһарманы.
Матчтан соң "Манчестер Юнайтедтің" бас бапкері Уль-Гуннер Сульшер "Егерде Шомко 17 жаста болғанда, оны командаға шақырту жайлы ойланар едік" деп мақтау айтты.
Дәл осы Шомконың соққан голы "Астананың" ойынына серпіліс беріп, арада бірер минут өткен екінші голдың соғылуына септігін тигізді.
Екінші таймда ерлік жасап, жеңісті қарсылас қолынан жұлып алған футболшылар осылар...
Ал Хижниченко болса матчтан соң кішкентай жанкүйеріне жейдесін сыйлап, қол алысты.
Мәз болған жанкүйер...
Тарихи сәт! Англияның алпауыты Астанада тізі бүкті...