Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарының алғашқы жүлдегерлері елге оралды. Дзюдошылар мен суда жүзуден Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландинді қалың жұртшылық зор қошеметпен қарсы алып, ыстық ықыластарына бөледі. Ал біз осы бір тарихи сәттен фоторепортаж ұсынамыз. Астана уақытымен түнгі сағат 01:00-ден аса қазақстандық дзюдошылар Алматы әуежайына келіп қонды. Түн жарымнан ауса да өз батырларын күтіп алуға келген халықтың санында шек болмады. Күтіп алушылардың қатарында Алматы қаласы әкімінің орынбасарыАрман Қырықбаевмырза мен Республикалық спорт колледжінің директорыАмалбек Тшановта болды. Одан өзге дзюдодан 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегеріАсхат Жіткеевті, еркін күрестен 2000 жылғы Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегеріИслам Байрамуковты, Қазақстан барысында танылған дзюдошыРуслан Әбдіразақовтыда көзіміз шалды. Елдосты қарсы алуға келген қара шаңырақ ҚазҰУ студенттері Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Ермек Имамбековты құттықтау сәтінен. Олимпиаданың күміс жүлдегері атанған Елдос Сметовтың ата-анасы ұлдарының жеңісіне дән риза екендіктерін жеткізді. Ал спортшының жеке жаттықтырушысыҒалымжан Жылгелдиевфинал алдында демалыстың аздау болғанын, әзірбайжан балуанына көбірек күш жұмсап қойғанын айтты. Елдос Сметоверекше құрметпен қарсы алған жанкүйерлеріне алғысын білдіріп, жеңісін Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнайтынын айтты. - Барша қазақстандықтарға алғысымды білдіремін. Жеңісімді Тәуелсіздіктің 25 жылдығы, Қазақстан халқы мен Елбасына арнаймын. Бұл - мен үшін ең қуанышты сәт, - деді спортшы. Қазақстан құрамасының қоржынына алғаш болып жүлде салғанГалбадрах Отгонцэцэгте жанкүйерлер назарынан тыс қалмады. Ол өзінің алғысын жанкүйерлерге шама шарқыншақазақ тіліндеайтып жеткізді. Жанкүйерлер ұлттық құраманың өзге спортшыларымен де естелік суреттерге түсіп, алдағы жарыстарына сәттілік тіледі. Таң ата алматылықтар Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландинді күтіп алуға асықты. Алтын медалін тағынған Дмитрий де жанкүйерлерді көп күттірген жоқ. Спортшы тілшілерге сұқбат беріп, жеңісіне ұзақ уақыт бойы сене алмай жүргені туралы айтты. Олимпиада чемпионын қарсы алу шарасына қала әкімі Бауыржан Байбек арнайы келіп құттықтады. Дмитрий жиналған жұртпен сәлемдесіп, алтын медалін таныстырды. Дмитрий Баландинде өз қуанышын жасырып қала алмады. Барша қазақстандықтарға алғысын білдіріп, қуанышымен бөлісті. Алматы қаласының әкімі Олимпиада чемпионын тәрбиелеп өсірген отбасына алғысын айтты. Сондай-ақБаландин оның жеңіске жетуіне анасының көрсеткен қолдауыкөмек болғанын айтты.Ана - саған үнемі сенім білдіретін, қолдау көрсететін жан. Анама рақмет, - деді Дмитрий. Чемпионның жаттықтырушылары.Алексей Казаковта шәкіртінің жетістігіне бразилиялықтар қалай таңданғандарын айтып жеткізді. ҚазҰУ студенттері қара шаңырақ оқу ордасының қабырғасында жүріп Олимпиада чемпионы атанған Дмитрий Баландинге гүл шоқтарын табыстады. Ал спортшы оқу ордасының студенттеріне естелік қолтаңба беріп суретке түсті. Еліне оралған чемпионды жиналған жұртшылық зор құрметпен үйіне шығарып салды.