Алматыдағы қоғамдық әжетханалар: Тұрғындар неге наразы?

Алматыдағы қоғамдық әжетханалар: Тұрғындар неге наразы?

Қала тұрғындары мен қонақтары үшін маңызды нысандардың бірі - әжетхана. Оның тазалығы, халыққа қолжетімділігі қаланың даму деңгейін көрсетеді. Massaget.kz тілшісі Алматыдағы қоғамдық әжетханалардың жағдайына шолу жасады. 

Қалада қанша қоғамдық әжетхана бар?

Алматы әкімдігінің мәліметінше, қала бойынша барлығы 71 қоғамдық әжетхана орнатылған. Былтыр 17 сәуірден бастап Алматы әкімдігінің қаулысына сәйкес 53 әжетхана аудан әкімдіктеріне берілген. 

Бір қызығы, әжетханалар 11:00 мен 20:00 аралығында ғана жұмыс істейді. Бұл аудандағы әжетханаларға жауапты мердігер бұл мәселеге қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, әжетхананың жұмыс уақытын әкімдік белгілеген. 

"Әжетхана 9 сағат жұмыс істейді. Бізде әрбір әжетханаға жауапты тазалықшы бар. Олар бұл жердің тазалығын бақылап, қажет құралмен толтырады. Қазаннан бастап жұмыс уақыты 09:00-18:00 дейін өзгереді. Әжетханаларды қараусыз қалдыра алмаймыз, адамдар ішін бүлдіріп кетеді", - деп жауап берді ол. 

Біз әжетхананың жұмыс кестесі туралы әкімдікке де сауал жібердік, жауап әлі келмеді. 

Бұған дейін Алматыдағы әжетханалар тегін болмаған, себебі әкімдік оны жеке кәсіпкерлерге берген еді. Алайда кейін әжетханалар әкімдікке қайтарылып, оны тегін қылу шешімі қабылданды. 

Тұрғындар дәретхананың 20:00-ге дейін ғана жұмыс істейтініне наразы. Олардың айтуынша, жұмыстан шығып, отбасымен саябақта қыдырғанша кеш батып кетеді. Бұл уақытта әжетхана жабық тұрады, ал әжетханасы бар кей мекемелер мен тамақтанатын орындар сырттан келушілерге әжетханаға тегін кіргізбейді. 

Қала тұрғыны Әділет көшеде жаяу серуендегенді ұнататынын айтты. Алайда ол қоғамдық әжетханалардың үнемі жабық болатынына наразы. 

"Қолқаны қабатын жағымсыз иіс шығады. Оның үстіне, қалада әжетхана көп емес. Теренқұрдағы әжетханаға ғана үнемі ашық тұрады. Егер үкімет қоғамдық әжетханалардың жағдайын қалыпқа келтіруге қиналса, мекемелердегі әжетханаларды тегін қылу керек. Кейбіреулері 100 теңге сұрайды. Қоғамдық әжетханаларда жалпы гигиенаға қажет қағаз, қол сүртетін не кептіретін құрылғы, сабын болмайды. Тимирязев көшесінің бойындағы әжетханалар үнемі жабық тұрады", - дейді ол. 

Бұл - Байтұрсынұлы алаңындағы әжетхана. Оның іші таза, әрі гигиеналық жабдық бар. Оған қоса, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандус орнатылған. 

Кейін Қарағайлы паркіне беттедік. Мұнда бір әжетхана бар. Алайда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған дәретхана жабық. 

Қала тұрғыны Анар балалары бар аналарға әжетханада жағдай жасалмағанын айтты. 

"Бүгін алғаш рет әжетханаға кіріп тұрмын. Онша таза емес. Сәбилерге жағдай жасалмаған екен. Жылы су жоқ, баланың киімін ауыстыратын үстел де жоқ екен. Аздап қиналып қалдым", - дейді ол. 

Ал қала орталығындағы Жібек жолында орналасқан әжетханада балалы аналардың ыңғайы да, қол кептіретін де, пандус та бар. 

Бұл әжетханада тіпті ұялы телефонды қуаттауға болады, мұнда тоқ жалғанған. 

Бұдан соң 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағындағы әжетханалар жағдайын көруге жол тарттық. 

Мұндағы әжетхананың бір ерекшелігі - тазалықшының арнайы бөлмесі. Тазалыққа жауапты адамның айтуынша, жұмыс уақыты 08:00-ден 20:00-ге дейін. 

"Бұл әжетханаға жауаптылар тікелей әкімдікке қарайды. Айына бір рет гигиеналық заттарды жеткізіп тұрады. Жалақымызды уақытылы төлеп тұрады", - дейді ол. 

Қай ауданда әжетхана бар?

Алмалы ауданында 17 қоғамдық әжетхана, Медеу ауданы аумағында 18 қоғамдық дәретхана, Түрксіб ауданы аумағында 3 санитарлық-гигиеналық орталық, Бостандық ауданында 26 әжетхана, Әуезов ауданында 3 әжетхана, Жетісу ауданында 4 әжетхана болса, Алатау мен Наурызбай аудандарында қоғамдық әжетхана жоқ.

 

Әжетханалар қайда орналасқан? 

Алмалы ауданындағы әжетханалар:

  1. Панфилов пен Қарасай батыр көшелерінің қиылысы;
  2. Ганди паркі (Айманов пен Шевченко көшелерінің қиылысы);
  3. Әуезов театрының маңындағы алаң (Құрманғазы мен Мұқанов көшелерінің қиылысы);
  4. Скейт алаңы (Қожамқұлов пен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысы);
  5. "Сосновый" саябағы (Мәуленов пен Қарасай батыр көшелерінің қиылысы);
  6. Дүйсенов бульвары (Дүйсенов пен Прокофьев көшелерінің қиылысы);
  7. Гагарин бульвары (Гагарин мен Бөгенбай батыр көшелерінің қиылысы);
  8. Мүсірепов театрының маңындағы алаң (ТЮЗ), (Мәметова мен Абылай хан көшелерінің қиылысы);
  9. Амангелді көшесі мен Абай даңғылының қиылысы;
  10. Байтұрсынов атындағы саябақ (Байтұрсынов пен Жамбыл көшелерінің қиылысы);
  11. Әйтеке би мен Панфилов көшелерінің қиылысы;
  12. Панфилов пен Әлімжанов көшелерінің қиылысы;
  13. Жібек жол мен Желтоқсан көшелерінің қиылысы;
  14. Иманов атындағы алаң (Желтоқсан мен Мәметова көшелерінің қиылысы);
  15. Шевченко мен Байсейітова көшелерінің қиылысы;
  16. АРО алаңы (Айтиев пен Әйтеке көшелерінің қиылысы);
  17. Әлия және Мәншүк саябағы (Төле би мен Панфилов көшелерінің қиылысы).

Бұл аудандағы қоғамдық әжетханаларға "Жақсылық" мердігер ұйымы жауапты.

Медеу ауданындағы әжетханалар:

  1. 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақ аумағында;
  2. Шухов алаңы;
  3. Оқушылар сарайының маңы;
  4. Тереңқұр, Луганский көшесі, 95а;
  5. Тереңқұр, Тәттімбет көшесі, 91;
  6. Есентай өзені, Оспанов көшесінен төмен;
  7. Есентай өзені, Оспанов көшесінен жоғары;
  8. Зенков пен Гоголь көшелерінің қиылысы;
  9. Достық пен Абай даңғылдарының қиылысы; 
  10. Омарова көшесі, 76/2.

Қалған 8-і - жеке әжетханалар:

  1. Орталық мәдениет және демалыс саябағының аумағында;
    2. 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақ;
    3. Жібек жолы мен Достық даңғылдарының қиылысы; 
    4. Мақатаев пен Уәлиханов көшелерінің қиылысы;
    5. Жібек жолы даңғылы мен Пушкин көшесінің қиылысы;
    6. Пушкин көшесі/Райымбек даңғылы;
    7. Пушкин мен Мақатаев көшелерінің қиылысы;
    8. Бузурбаев пен Гоголь көшелерінің қиылысы. 

Аудандағы барлық әжетханаға "Geo Project Engineering" ЖШС мердігер ұйымы қызмет көрсетеді.

Түрксіб ауданы аумағында 3 санитарлық-гигиеналық орталық бар:

Сейфуллин атындағы саябақта, балалар саябағында және ауғандар алаңында.

Бостандық ауданының аумағында 26 әжетхана бар:

1.Абай даңғылы мен Байсейітова көшесінің қиылысы;
2. Абай даңғылындағы ҚазМемлекеттік Цирктің автотұрағында;
3. Байтұрсынов көшесі, Абай даңғылының оңтүстігі (шығыс);
4. Байтұрсынов көшесі, Абай даңғылының оңтүстігі (батыс);
5. Көктем 2 шағынауданы (Жас қанат алаңы);
6. Гагарин даңғылы мен Мыңбаев көшесінің қиылысы;
7. Дулати көшесі, әл-Фараби даңғылының оңтүстігінде;
8. Достық саябағының аумағында;
9. "Южный" саябағының аумағында;
10. "Тұңғыш Президент қоры" маңындағы алаң;
11. Тұңғыш Президент саябағы (кіреберіс);
12. Тұңғыш Президент саябағы (кіреберіс );
13. Тұңғыш Президент саябағының маңында (туризм бөлімі);
14. Тұңғыш Президент саябағында (жеке);
15. Тұңғыш Президент саябағында (жеке);
16. "Атакент" ҚЫІО, Тимирязев көшесінің оңтүстігі (шығыс жағы);
17. Әл-Фараби даңғылындағы жерасты жолы. Жарокова көшесімен қиылысында (шығыс);
18. Әл-Фараби даңғылындағы жерасты жолы. Жарокова көшесімен қиылысында (батыс);
19. Жарокова мен Левитан көшелерінің қиылысындағы жерасты жолы; 
20. Жандосов көшесіндегі жерасты жолы;
21. Абай даңғылы мен Мұқанова көшесінің қиылысындағы жерасты жолы;
22. Абай даңғылы мен Байзақова көшесінің қиылысындағы жерасты жолы;                                                23.Орталық стадион аумағында;                                                                                                                     24. Орталық стадион аумағында;                                                                                                                        25. Орталық стадион аумағында;                                                                                                                    26. Казақ мемлекеттік цирк.

Әуезов ауданының аумағындағы әжетханалар:

1. 8-шағынауданы, 77а;

2. Сайран көлінің маңындағы Садовников көшесі, 1б;

3. Төле би мен Момышұлы көшелерінің қиылысында.

Жетісу ауданының аумағындағы әжетханалар:

1. Айнабұлақ-1 шағынауданындағы саябақ.

2. Жастар саябағының жағалау аймағында;

3. Рысқұлов даңғылындағы көпір астында;

4. Гулдер саябағы. 

Алатау және Наурызбай аудандарында қоғамдық әжетханалар жоқ.