Алматының Бостандық ауданындағы бір көшеге марқұм мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің есімі беріледі. Жуырда Алматы мәслихатының сессиясында осындай шешім қабылданды.
Спортшының құрметіне Президент саябағынан жоғары орналасқан "Архат" шағынауданындағы 7-көше аталмақ.
Бұл тұйық әрі шағын ғана көше болып шықты, ұзындығы - шамамен 800 метр.
Көшенің екі жағында да қымбат жеке үйлер орналасқан. Кейбір жерлерде биік қоршаулар артында құрылыс жүріп жатыр.
Сондай-ақ, мұнда қылқанжапырақты ағаштарды байқауға болады.
Үйлердің қоршауларындағы көше атаулары әлі де бұрынғы қалпында тұр. Денис Теннің есімі көрсетілмеген. Алайда оларды ауыстыру үшін әлі біраз уақыт керек.