Алматыда түн ішінде ірі өрт шықты: оқиға орнынан кадрлар
7 қаңтарда түнде Алматыдағы Солтүстік айналым тасжолында орналасқан қоймада өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Төтенше жағдай кезінде құтқарушылар жоғары дәрежеде жұмыс істеген.

"Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылды, өртті сөндіруге 85 адам мен 22 техника жұмылдырылды", - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.

Сондай-ақ, оқиға орнында 3 жауынгерлік учаске ұйымдастырылған. Өртті сөндіруге ТЖМ автопойызы да жұмылдырылған.

Өртті сөндіру жұмыстарына ғимарат құрылысының ерекшелігі кедергі келтірген.


8 қаңтарда таңертең ТЖМ өрт 1900 шаршы метр алаңда сөндірілгенін мәлімдеді.