Алматыда ірі нысан сүріліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Нүсіпбеков көшесі, 51 мекенжайында орналасқан төрт қабатты заңсыз ғимарат бұзылып жатыр. Бұл туралы Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы өкілдері айтты.
Бұған дейін нысан иесіне әкімшілік шаралар қабылданып, ғимаратты өз еркімен бұзу туралы нұсқау берілген. Алайда нұсқау орындалмаған.
2025 жылы 8 мамырда Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Қала құрылысын бақылау басқармасының талап-арызын қанағаттандырып, нысанды бұзу туралы шешім шығарған.
Сот шешімі орындау үшін Әділет департаментіне жолданған.
Бүгін сот орындаушыларының қатысуымен нысанды бұзу жұмыстары басталды.