Алматыда бір айлық норманың жартысына жуық қар жауды

Алматыда бір айлық норманың жартысына жуық қар жауды

Алматыда қалың қар жауып, коммуналдық қызмет күшейтілген режимге көшті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

9 желтоқсанда сағат 22:30-да Алматыда басталған жауын-шашын түн жарымда қалың қарға ұласты. 10 желтоқсанда сағат 07:00-дегі мәлімет бойынша қалада қардың қалыңдығы 35 сантиметрге жеткен.

©️ Tengrinews.kz

Алматының Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы мәліметінше, бұл - айлық норманың жартысына жуығы. 

©️ Tengrinews.kz

Ведомство дерегіне сүйенсек, қар күреу жұмыстарына 2 728 жұмысшы мен 75 жедел бригада жұмылдырылған. Қала жолдарына 1 000-нан аса арнайы техника шыққан, 22 полиция экипажы, 10 эвакуатор тартылған.

Алматы әкімдігі

Қалада жол мен көшенің жағдайын бақылау үшін тәулік бойы кезекшілік қойылған. 

Алматы әкімдігі

Болжамға сүйенсек, циклон өткеннен кейін, яғни 11 желтоқсаннан бастап жауын-шашын тоқтап, түнгі температура -13…-15°С-қа дейін төмендейді.

Азаматтарға мынадай кеңес берілді:

  • Жүргізушілерге көктайғақ кезінде дөңгелектерін қысқыға ауыстыруға, жылдамдықты төмендетуге, қашықтықты сақтауға және шұғыл бұрылмауға кеңес берілді.
  • Тәжірибесі аз жүргізушілер мүмкіндігінше қоғамдық көлікті пайдаланғаны дұрыс.
  • Жаяу жүргіншілерге тайғақ тротуарда барынша сақ болып, биік ғимараттардың маңына жақындамау қажет, себебі шатырдан қар түсуі мүмкін.
  • Қала тұрғындарына жолдарын алдын ала жоспарлап, жылы киіну қажет.