Алматыда ағаш құлап, әйел қаза тапқан қайғылы жайт: оқиға орнында не болып жатыр?

13 тамызда Алматыда ағаш бұтағы құлап, салдарынан бір адам қаза тапты. Осы оқиғадан кейін Әди Шәріпов көшесінде әкімдік қызметкерлері ағаштарды кесіп жатыр.

Қайғылы оқиға 13 тамызда сағат 12 шамасында Qarasai Park тұрғын үй кешені маңында, Әди Шәріпов пен Қарасай батыр көшелері қиылысында болған еді. Алдын ала ақпарат бойынша сынған ағаш бұтағы қызға құлаған.

Әди Шәріпов пен Қарасай батыр көшелері қиылысындағы қайғылы оқиға болған жерге жақын маңда ағаштар кесіліп жатыр.

 

Кесілген бұтақтардың маңындағы тротуарда қан іздері көрінеді.

Алмалы ауданы әкімдігінің өкілі екенін айтқан ер адам бұл жұмыстың кешегі оқиғамен байланысты емес екенін мәлімдеген.

Оның сөзінше, әкімдікке жергілікті тұрғындардан өтініш түскен, қазір әкімдік осы жұмысты пысықтап жатыр.

Суреттер: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин



Бөлісу: