Алматы базарларында жеміс-жидек пен көкөніс қаншадан сатылып жатыр? Салыстырдық
Елімізде баға, қымбатшылық өзекті мәселелердің бірі. Тіпті кейде қаланың әр бұрышында бір тауардың бағасы әртүрлі болып, тұрғындарды Қаланың шетіндегі базарлардан орталыққа әкелгенде азық-түлік бағасының аспандап кететіні жасырын емес. Көтерме сауда бағасымен алып, ағайынға екі есе бағамен сататын саудагерлер де табылады біздің елде. Massaget.kz тілшісі қаладағы жеміс-жидек, көкөніс бағасының бірізділігін бақылап көрді.
Кімде-кім күлімсірей алмайтын болса, ол адам сауда саттықпен айналыспауы тиіс. Қазақтың айтқаны. Бірақ қазіргі халық кім күліп тұр деп емес, қай саудагерде азықтың ақшасы арзан болса соған барады. Ал біз барған сауда дүкендеріндегі халққа қолжетімді баға ұсынғаны "Алтын Орда" базары.
Бұл сауда орнындағы баға басқаларына қарағанда әлдеқайда арзан. Мәселен сәбіз, қызанақ, қияр - 250 теңгеден, пияз 230, картоп - 120 тағысын тағылар.
Сатушылар орталықтағы дүкендердің көбі дәл осы жерден көтерме бағамен алып кететін көрінеді. Ал көкіністің көтерме бағасы көрсетілгеннен 10-15 теңгеге арзан болатыны тағы бар.
"Бізде баға тұрақты. Былтырмен салыстырғанда ешқандай өсім болған жоқ. Халыққа қол жетімді. Тауарлардың басым бөлігі Сарыағаштан, Шымкенттен келеді. Шетелден келетін кейбір тауарлар бар. Қаладағы дүкендер, ресторандар барлығы бізге келіп алып кетеді", - дейді сатушы Эльмира Құдайназарова.
Базар басшылығы бағаның тұрақты болуы үшін айына кемі 3-4 рет тексеріс жасайды екен. Халық тұтынатын жеміс-жидек пен көкіністің қолжетімді болуы үшін саудагерлерге үстемені 10-15 пайыздан асырмауды тапсырған. Алайда "Алтын ордадағы" азық-түліктің бағасы саудагерлердің арасындағы бәсекелестікке байланысты құбылып тұрады. Бір күні шарықтаған баға, басқа күні қалтаңызға қолайлы болуы мүмкін.
Алма 750 теңге (бір қорабы 8000), бананның бір талы көлеміне қарай 80-100 теңге (бір жәшігі 7000-7500 теңге, 85-90 тал шығады), шие - 400 теңге, өрік - 600, қара өрік тұқымына қарай 500-900 теңге, шабдалы - 800, шие 1500-2000 теңгенің аралығында бағаланған. Көтерме бағасы 100-150 теңгеге арзанырақ.
Ағайынның барлығы сабылып барып "Алтын Ордадан" сауда жасамайтыны ақиқат. Әркім өз үйіне жақын жерден керегін алып күн кешеді. Біз орталықтағы жеміс-жидек сататын дүңгіршектердің біріне барып көрдік. Бағада айырмашылықта жоқ емес. Әр қайсысына кемі 200-300 теңгеден қосып сатады. Бізді елеңдеткені қияр мен қызанақ бағасы килограмына 500 теңге. Яғни, екі есеге қымбат. Сатушыны сөзге тартып көргенімізде бұл көкөністердің 2-3 тұқымы болатынын айтып бой бермеді.
"Қиярды 300-ден алып 500 теңгеге сатамын. Тауарларды Алтын ордадан алып келемін. Кейбіріне 10-15, кейбіріне 20-30 пайыз үстеме қосамын. Себебі такси бағасы бар, жанармай қымбат дегендей. Оның үстіне біз әкелген азық-түлікті бір күнде сатып жібермейміз ғой. Сондықтан 2-3 күн сақталатын, жақсысын таңдаймыз. Әкімдіктегілер айына бір рет келіп тексеріп кетеді", - дейді Саид есімді Тәжік азаматы.
Шеткі базардан біз көрген баға да нақты азық-түліктің бастапқы бағасы емес. Себебі, ала таңмен арпалысып ауыр жүк көліктерінен жәшіктеп жеміс-жидек, мөшектеп көкөніс алып қалатын саудагерлер өз үлесін алып қалу үшін тауарға үстеме қосады. Ал сол саудагерден сатып алған орталық дүкендерге келгенде кез келген азық-түлік 2-3 есе қымбаттайды. Осыдан келіп "қара итін де, қара ешкісінің бағасына сатады" деген қазақтың сөзі бүгінгі сауданың сиқын суреттеп тұрғандай.
Бағаның әркелкілігін дәлелдеу үшін қаланың орталығындағы сауда орнына барып көрдік. Алайда "Көк базардағы" баға көңілді көншітпейді. Алтын ордамен салыстырғанда баға екі есе қымбат.
Мәселен өрік 1500-1800, қара өрік 1000-1500 , бананның бір талы 200-250 теңге, қызанақ 800-1500 теңге аралығында.
Сондай-ақ шеткі базарда 600 теңгеден басталған құлпынай бағасы орталықта 3500 теңгеге бағаланған.
Алматыдағы бағаның әртүрлілігі азық-түлік дүкенінінің орналасқан жеріне сай құбылған. Төменнен тау басына дейінгі дүкендерді салыстырып қарасаңызда үлкен айырмашылықты байқайсыз. Өйткені сатушыларды жоғарғы көшелерде "элиталық" адамдар тұрады деген түсінік қалыптасқан.
Біз барған көк базардан да қарапайым қарашаны көп кездестірмейсің. Бірақ, жеміс-жидек пен көкөністің сапалысы, яки іріктелгені дәл осы жерде. Ал жалақысы қат болған ағайынның тамақты таңдап жеуіне мүмкіншілігі жоқ. Бастысы арзан болса болғаны.
Десекте нарықты толық шектеп тастау мүмкін емес. Шенеуніктер айыптына айналадан, болмаса айдаладан іздемей дереу тексеруге міндетті. Жылына бір келетін мезгілдік жеміс-жидек бағасын бірқалыпты ұстап тұру жауаптылардың қолынан келеді деп сенейік. Себебі, базардағы баға қандай болса бұқараның билікке берген бағасы да сондай болмақ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!