Алматы ауыр атлетикадан әлем чемпионатын қалай қабылдауда?
Бұл күндері Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде төрткүл дүниенің кіл мықтылары жиналған дүбірлі дода өтуде. 78 елдің 683 зілтеміршісі бақ сынап жатқан жарысқа біз де арнайы ат басын бұрып, тыныс-тіршілігімен танысып қайтқан болатынбыз.
Жарыс өтіп жатқан Балуан Шолақ атындағы спорт кешені
Cпорт кешені алдына әлем чемпионатына арналған жарнама бағаны орнатылған
Жарыс кестесі арнайы бағанға орнатылып, мезгілі мен уақыты айқын көрсетілген
Спортшылар бақ сынап жатқан алаң. Ал үлкен экранда ақпараттық демеушілер көрсетіліп тұрады. Айтпақшы, кіру үшін билеттер құны 500 теңгеден 15 000 теңгеге дейінгі аралықты құрайды.
Спортшылардың зілтемірді көтергендегі қауқарын қарсы алдындағы төрешілер есепке алады
Cап түзеген фотографтар сәтті мүмкіндіктерін күтіп отыр
Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері - Алексей Ни
Спортшылар сұхбат беретін алаң
Марапаттау рәсімі өтетін тұғыр
Жеңімпаз атанған спортшы елінің Туы биікке көтеріліп, Әнұраны орындалады
Жарыс соңынан спортшылардың баспасөз мәслихатын өткізетін орны
Шешуші сәттердегі тартысқа жанкүйерлер көптеп жиналады
Әсіресе, украиналық жанкүйерлер белсенділігі жоғары
Спортшыларына жанкүйерлік танытқан украиналық ару
Қазақстандық жанкүйерлер де спортшыларымызға қызу қолдау білдіруде
Жанкүйерлерге арналған спорт кешенінің ішінде естелікке арнайы сувенирлер мен әлем чемпионаты белгісі салынған киімдер сатылуда. Жейделер құны 1500 теңгеден басталып, 5 000 теңгеге дейінгі аралықта. Әлем чемпионатының өтуіне өз септігін тигізіп жүрген ерікті қызметкерлердің (волонтер) де еңбегі ерен.
Қазақстандық зілтеміршілердің суреті мен қол бейнелеген жейделерді кездестіруге болады. Бұларды 2000-3500 теңге аралығында сатып ала аласыз.
Спортшыларымызға қолдау көрсету үшін суретте көрсетілген сан түрлі сувенирлерді сатып алуға жағдай жасалған. Бағалары әр түрлі
Түрлі спорт түріне арналған ыңғайлы аяқ киімдерді де кездестіруге болады
Үйіңізге әлем чемпионатынан естелік заттар алуды да ұмытпағаныңыз абзал. 500 теңгеден бастап 2000 теңгеге дейінгі аралықта суретте көрсетілген сувенирлерді сатып алуға болады.
Зілтеміршілердің белін буып шығар белбеуі де сатылуда
Бұл естелік дүниелер 300 теңгеден бастап 11 000 теңгеге дейінгі аралықта бағаланып отыр
Екі дүркін Олимпиада, үш дүркін әлем чемпионы Илья Ильиннің суреті бейнеленген естелік сыйлықтар бұрышы
Бұл бұрыштан керекті дүниелеріңізді таба аласыздар
Асханаға барып, жүрек жалғап алсаңыздар да болады
Қазіргі таңда Алматыдағы әлем чемпионатының көшін Қытай құрамасы (3 алтын 2 күміс 1 қола) бастап тұр
Ауыр атлетикадан Алатау бөктерінде өтіп жатқан әлем чемпионаты 16-қараша күні мәресіне жетеді. Еліміз сенім артып отырған Илья Ильин (105 келі) мен Майя Манеза (69 келі) алдағы күндері жарыс жолына шығатын болады. Маңызы жоғары дода 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына лицензиялық ұпай тарататын болады.
Сурет: massaget.kz