Әлем чемпионатында топ жарған боксшылар елге оралды

Әлем чемпионатында топ жарған боксшылар елге оралды

Бокстан әлем чемпиондары Санжар Тәшкенбай мен Айбек Оралбай елге оралды. Астана халықаралық әуежайында спортшыларды жанкүйерлері қарсы алды.

Айта кетейік, Ливерпульде (Ұлыбритания) бокстан әлем чемпионаты аяқталды. Қазақстан құрамасы бұл жарыста он медаль жеңіп алды, оның жетеуі - алтын. Нәтижесінде отандастарымыз жалпыкомандалық есепте бірінші орынға жайғасты (жеті алтын, бір күміс және екі қола).

 

Айта кетейік, әйелдер құрамасы Алматыға, ал Махмұд пен Сабырхан Төрехандар Түркістанға барды.

Суреттер: Tengrinews.kz