Қазақстандық Алдаспан тобы мен кубалық Исаак Реал бірігіпдомбыраның сүйемелдеуімен жазылған испаниялық әнге бейнебаян түсірді.Бейнебаян Алматының Шымбұлақ, Үшқоңыр, Медеу шатқалдарында түсірілді. Жұмыс 7 күнге созылды. Сюжет кубалық жігіттің қазақ қызына ғашық болуы жайында. Исаак түсірілімге қыс мезгілін таңдағанын өмірінде қысты 2-ақ рет көруімен байланыстырады. Және өз жерлестеріне Алматының ғажайып қысы мен тылсым табиғатын көрсеткісі келетінін де жасырмады. Ендеше түсірілім барысындағы қызықтарды бірге тамашалайық. Түсіру алаңындағы дайындық кезі. Алғашқы сәттерден бастап-ақ топ мүшесі Мақсат әріптестерін күлкіге қарық қылды. Алғашқы кадрлар түсірілуде. Жігітке жеті өнер де аз деп Бақытжан өзі оператор қызметін атқаруда. Суықта көп жүріп көрмеген Исаак бәрін тастап ыстық шайға жүгірді. Шымбұлақ шыңынан төмен сырғанау кубалық қонақ Исаакқа қиынға түсетін тәрізді. Әріптестер естелеік суретке түсіп, Инстаграм парақшасын жаңартты. Тілмен айтып жеткізе алмаса да, Алматының ұнағанын жүзінен көріп отырмыз. Үшқоңыр шыңынанпарапланменсекіруге жүрексінгенИсаак белдіктерінен көз алмай тұр. Алғашқы секіруі сәтсіз болып, жерге құлады. Алғашқы сәтсіздікке қарамастан екінші мәрте секіруге бел буған кезі. Аяғына алғаш коньки киген қонағымыз өз еліне сәлем жолдауда. Жылқы жанынан жүріп көрмеген қонағымыз ат жүгенін үрейлене ұстап тұр . Түсірілім осылай Үшқоңыр төбесінде аяқталды.