Ұлыс күні қарсаңындағы Алматы

Ұлыс күні қарсаңындағы Алматы

Ежелгі түркі заманнан қалыптасқан жыл басы Әз-Наурыз есігімізден кіргелі тұр. Қазақ халқы үшін бұл мейрам айрықша бағаланып, наурыздың 22 күні бүкіл республика төңірегінде тойланады. Көктем келіп, жер жаңарған бұл уақытта ағаштар қайта бүр жарып, жер беті алуан түрлі гүлге толады.  

Наурыз мерекесі жақындаған уақытта әрбір төңіректен көрінген киіз үйлер көздің жауын алады. Дәл осындай мерекеге дайындық, Алматының әсем алаңында да бой көтере бастады. Киіз үйлер тігіліп, қаланың көрігін қыздыра түсті.

Киіз үйдің әрбір пайдаланылған заты беліглі бір жұмыс атқарады және түрлі наным-сенімді білдіреді. Назарларыңыздағы суретте шаңырақты шайқалтпас үшін нықтап бекітіп, уықтарын дұрыс бекітуде. 

Аталған мерекеде қазақ үйлермен қоса, оңай тігілер лашықтарды да көзіміз шалып қалды. Ұйымдастырушылар ежелгі баспананы бүгінгі ұрпақ бір көріп көзайым болсын деп, ырымдаған болуы керек.

Алаңның ортасында үлкен сахна бой көтеріп, мерекеге дайындық жүріп жатыр.

Наурыз мерекесіне дайындыққа біршама адам ат салысты. Сонымен қатар ұлыс күніне арналған заттарды үлкен көліктер жеткізді.

Сонымен қатар алаңнан көпетеген үлкен ойыншықтар мен оюланған әдемі шаңырақ, қолдан жасалған суреттер сынды көркем дүниелерді көруге болады.

Әрине боз кілемде белдесу өткізбей қазақтың тойы қызықсыз болары анық. Қызыққа толы күнде осы кілемде  балуандардың бағы жанбақ.

Көрсең көзің тоймайтын киіз үйдің сыртының өзі ғажап емес пе. 

Ал, іші тіптен керемет. Түрлі оюлар қазақ үйдің ішіне сән береді. Бұл әзірге жаңадан құрылып біткен киіз үй. Мерекеге дейін іші түрлі керек-жарақ заттармен толмақ.

Мына бір қазақы оюлармен жасалған дүние жұрттың көзіне ерекше ыстық көрінді. Бүгінгі күннің өзінде маңайына келіп фотоға түсіп, кереметіне тамсанып жатқан жұртта есеп жоқ.

Қолында бауырсағы бар әженің ақжарқын бейнесі аналаға нұр шашып тұр.

Құрметті оқырмандар, ұлыстың ұлы күні құтты болсын. Барлықтарыңыздың шаңырақтарыңызға шаттық, отбасыларыңызға бақыт тілейміз.