Тәуелсіздік – азаттықтың асыл кепілі

Тәуелсіздік – азаттықтың асыл кепілі

Тәуелсіздік. Осы бір сөз қаншама қалың қазақ жұртына ыстық десеңші! Осы бір ауыз сөзді қазақ халқы қаншама жылдар зарығып күтті. Жетті де. Биыл Тәңір сыйының қазақ жұртына бұйырғанына ширек ғасырдай уақыт өтті. Десе де басты мерекеміз Жаңа жылдың тасасында қалып қойып жатқан жоқ па? - деген сұрақ көпті мазалайды. Осы мақсатта қала көшелерін аралап, суретке түсіріп қайтқан едік. 

Алматы көшелерінен Тәуелсіздік мерекесіне арналған хабарламаларды жиі байқауға болады.

Көшедегі ірі жарнама орындарына Тәуелсіздік мерекесі туралы суреттер ілінген. 

Бұл суреттер 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні екенін еске салады. Ал "Тәуелсіздік күні құтты болсын!" - деген құттықтауды көзіміз шала қоймады.

Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаған хабарламаны қара шаңырақ ҚазҰУ-де орналасқан Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайынан оқыдық. 

"Қазақстан" телерадиокорпорациясы да жұртшылықты мерекемен құттықтайды. 

Алматы қалалық қан орталығының кеңсесі де Тәуелсіздік мерекесін ескерусіз қалдырмапты.

Алматы қаласында орналасқан 1986 жылғы желтоқсан көтерілісін еске алу монументі. 

1986 жылы Желтоқсан көтерілісі өткен алаңға алып Ту қойылған.

Алаңдағы қаз-қатар тізілген жалаушалар.

Қ.Сәтпаев - Д. Фурманов көшелерінің қиылысы.

Жоқтан бар жасаған балабақша.

Жылда желтоқсан айында мектептер мен әртүрлі мекемелердің алдындағы жаңа жылдық шырша мен Тәуелсіздік мерекесіне арналған безендірулерді салыстыра қарайтынымыз рас. Бұл жылы да мұны аңғардық. 

Республика сарайы алдында орналасқан шырша.

Тәуелсіздікпен таласқан Жаңа жыл.

Тәуелсіздікті тойламай жатып, Жаңа жылға дайындыққа кіріспеуді сұраған зиялы қауымның үндеуін бұл жылы да ешкім елеген жоқ.

Ірі сауда орындары Тәуелсіздік мерекесіне әлі де мән бермей келеді. Мұнда шырша мен Жаңа жылдық безендірулер әлдеқашан басталып кеткен. 

Жанармай бекетінде Жаңа жылды күткен Аяз ата.

Күндіз - Тәуелсіздік, түнде - Жаңа жыл...

Тәуелсіздік сан ғасырдан бері азаттықты аңсаған ата-бабаларымыздың жете алмай кеткен арманы ғана емес, олардың бізге арқалатқан аманаты да. Сондықтан тәуелсіздіктің мәнін ұғынып, оның ғұмырлы болуына аянбай қызмет ету – басты парызымыз.

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, тамыры терең болсын!