Алматы қаласында өткізіліп отырған көлемді кітап фестивалі қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше қуаныш сыйлады. KitapFest атты кітаптар әлеміне саяхат жасайтын бұл фестиваль қаламызда өткізіліп отырғанына екінші жыл. Оңтүстік астанамызда ұйымдастырылған мәдени іс-шараның биылғы тақырыбына ересектерден бөлек, жас бүлдіршіндердің де қызығушылығын оятатын балалар әдебиеті мұрындық болды. Жобаны ұйымдастырушылардың басты мақсатыжастар мен балалар арасындағы кітап оқу дәстүрін жандандыру, әдебиет дәрежесін көтеру және қала халқын кітап оқуға үндеу. Кітап және кітап мәденеиеті қоғамның рухани дамуының айнасы.Қазақ кітабы қазақ тілінің саф алтындай сақталуына кепіл бола отырып, халықтың білім алуына, тілі мен әдебиеті жетілуіне, республиканың қоғамдық және ғылыми өмірінің дамуына қосар үлесі зор. Заманның техникалық тұрғыдан қарқынды дамуы әсерінен әдебиетке деген құлықсыздық пайда болды. Бұл сөзімізге күнделікті қолданысқа енген ғалам торабы, компьютер секілді құралдар анық айғақ болады. Қазір неше түрлі смартфондароқулықтардың орнынбасты. Соған қарамастан, қаламызда кітап сүйер тұрғындар аз емес екеніне көзіміз қуанды. Кітаптың алғашқы түрлері ежелгі Вавилондақыштекшелеріне, тақта тастарғасына жазуыменжазылды. Өркениеттің бесігі Мысырда (Египетте) жазу материалы есебінде қамыс (папирус) өсімдігін пайдаланған.Папирусқа египеттіктер иероглифпен жазған, ал гректер мен римдіктер жеке дыбыстарды бейнелейтін әріп ойлап тапты. Ерте заман қолжазбасының тағы бір түрін кодекс деп атайды. Бұл бүгінгі кітап пішініне ұқсас келеді. Әлем елдерінің қай-қайсысының да рухани деңгейі, сауаттылығы, мәдениеті кітаппен тығыз байланысты екеніне ешкім шек келтірмейді.Америка Құрама Штаттарындахалықтың тең жартысы мүлдем кітап оқымайды екен. Студенттердің 40 пайызы Израиль араб елдерінің бірі деп ойласа, Франклин Рузвельт АҚШ-тың Вьетнам соғысы кезіндегі президенті деп түсінеді екен. Ал сол студенттердің тең жартысы Черчилльдің кім екенін білмей шыққан... Бүгінгі ұйымдастырылған шара өте кең көлемде өтіп жатыр. Әр мектептен көрмеге келген оқушылар арасында түрлі сайыстар ұйымдастырылды. Фестивальге келген қонақтар бір сәтке болса да телефон, планшет секілді гаджеттерін ұмытып үлгерген секілді. Қызыққа толы бағдарламалардан бөлек, фестиваль ұйымдастырыушылары қонақтарын жылы лебіз және жайдары жүзімен қуантты. Демалыс саябағында жүрген әрбір оқырман жұмсақ жиһаздарда отырып сүйікті кітабын оқи алады, сонымен бірге шөлдеген кісіге кофе ұсынылады. Кітап таңдап-талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған іліміңді өмір қажетіне жарата білу әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғышарттардың бірі.Қазіргі таңдаосы асыл қазынамызбен достасушылар саны айтарлықтай көп болмай тұр. Кітап сүйер қауым таба алмай жүрген кітаптарымен осы көрмеде қауышып, шаттыққа бөленді. Кештің ең кішкене қонақтары үшін де түрлі ойындар мен қызықты шаралар ұйымдастырылған. Бұл шара тәй-тәй басқан сәбиден, егделенген қарияға дейінгі қонақтардың барлығының дерлік көңілін көншіткен тәрізді. Ал көрмедегі қойылымдар Абай Құнанбайұлының 170 жылдығына арналып, Ұлы ақынның ұлағатты ұрпағына қуаныш сыйлады. Сонымен бірге,Жеңістің жетпіс жылдығына арналғанбатырлар ерлігін дәріптейтін қойылымдар болды. Кітап фестивалі аясында Бауыржан қайырымдылық қоры Бүлдіршіндерге кітап сыйла атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Лейкемия және онкосырқатты балаларға арналған кітаптар жинағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының кішкентай емделушілеріне табысталды. Алматы қалалық кітап фестивалінің келушілерін қуантарлық тосынсыйлар, көптеген қызықты оқиғалар және де балаларға арналған сансыз әрі тегін ойын-сауықтар да ұйымдастырылып жатыр. Балалар акциясы, Мұрат Мұтырғановтан сайыстар, сабынды-көпіршікті шоу, ойындар, қуыршақ театырының қойылымдары, суда және құмда сурет салу сынды қызықтарға толы болды. Біраз уақыт өткеннен кейін жауын басталды, кітапсүйер оқырмандарымыз жауған жаңбырды да елең қылмады. Кештің өз дәрежесінде өтуіне жауын кедергі бола алмады, керісінше одан әрі қызық болуына септігін тигізді. Саябақ сахнасында үлкен концерт ұйымдастырылып, қала тұрғындарына күнделікті күйбең тіршілікті ұмытып, бір сәтке серпіліс жасауға мүмкіндік берді. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы.Бұл жерде келген қонақтардың барлығы дерлік өздерінің оқыған және де өздеріне ерекше ұнаған кітаптарын жазуына болады. Бұл арқылы бұрын білмеген кітабымызды танып, өзгелердің ұсынған кітабымен табысуға жол ашылады. Кітап жарнамасы әр жерде осылай тегін жасалып тұрса игі еді. Заман қанша қарыштап дамығанымен, ешқандай құрылғыкітап орнынбаса алмайтыны хақ. Кітаптың қадіріне жетіп, бағасын білген қонақтар көрмеден тарихи көне кітаптарды алып кетуге асықты. Сіз де кітап оқығанды жақсы көресіз бе? Сурет: Massaget.kz